Декрет зеріктірді! Сая Оразғалиева қос ұлын құндақтап түсірілім алаңына шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен бері көк жәшіктен көрінбей, тек әлеужеліде шектелдім,-деген актриса Сая Оразғалиева декреттік демалысынан жалыққан көрінеді. Үш баланың анасы енді кино карьерасын қайта қолға алмақ ниетте.

  • Декретіңіз ұзақ болып кеткен сияқты ма қалай? Сізді экрандардан көрмей қалдық

Сая Оразғалиева, актриса:

- Мен погодкаларым бар ғой. Поэтому получилось енді шығайын десем, опять екіқабат болам

Түсірілім алаңын қанша сағынсам да, кішкентай балаларымды қимаған сәт көп болды,-дейді актриса. Сондықтан жақындарынан көмек сұрап, камера алдына ақ батамен шыққан.

  • Кім көмектесіп жатыр?

Сая Оразғалиева, актриса:

- Мамам көмектесіп жатыр, няням болған. Қазір средний балам садикке кетті и кішкентай баламен мамам көмектеседі. Үлкен балам енді мектепке барады уже такой самостоятельный.

- Ал жолдасыңыз көмектесе ме?

- Иә, әрине - әрине. Қазір отыр, қазір үш баламен отыр.

Десе де Оразғалиева түбегейлі мансап соңынан кетпек емес. Актриса әлі де болса перзентті болып, қыз баланың анасы атануға ниетті.

Сая Оразғалиева, актриса:

- Хочу дочку все равно, құдай қаласа. Надеюсь, құдай маған береді осындай маған ұқсайтын қызды, потому что ұлдарым как будто менің күйеуім туған.