300 жұлдызды мейман! Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің тойында әншінің бірінші келіншегі Әселдің де болғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

Олардың тойына әуелі жұртшылық, кейіннен карантин кедергі болды. Міне, бүгін қызы мен ұлын жандарына алып, неке жүзіктерін тақпақ. «Ревю ньюс» Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үйлену салтанатында!

9 жылдан соң алғаш рет ақ көйлегін киген Жұлдыз Өмірғали бұл күнді мәңгі есте қалардай етіп жасауға тырысқан. Той алдында қонақ үйден нөмір алып, фотосессия да ұйымдастырған. Қалыңдықтың бірінші образы неке қию рәсіміне арналса, екіншісін Жұлдыз басты шараға киді. Бұл көйлекте Айқынның әнінің сөздері тігілген.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

– Бүгінгі тойға екі көйлек дайындапсыз, иә?

- Мені тойымды қолдаған Аруназ дизайнер болды. Назым Карпыкова. Ол маған жақсылап осылай екі көйлекті тігіп берді.

- Енді ол кісінің сыйлығы ғой, құнын білмейсіз ба?

- Құны енді асады миллионнан, тіпті екі миллионнан.

- Ал неке жүзігі әрқайсысы 600 мың деп естідік, рас па?

- Соңғы алған иә, енді 600 мыңнан асады. Өзіме таңдап алған десең, иә? Қыз балалар, девушки любят бриллианты демекші, сол гауһартасқа тастармен көмкерілген. Түрін көрсетіп қояйын, мынау бірінші тұрған осы гаухартасы бар сақинам.

- Ал оған дейін 9 жыл бұрын алған сақинаңыз?

- Ол да жанында тұр. Ол екінші боп тұр.

- Бал айы да бола ма?

- Енді бізде бал айы емес, бал аптасы болады. Бір аптадан кейін Дубай қаласына ұшамыз Араб Әмірліктеріне.

Айқын да жарынан кем дайындалмаған. Төлепберген-тегі неке қию рәсіміне әдеттегідей смокингпен емес, Аида Кауменованың арнайы тіккен бордо реңкті костюмымен шықты.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Екінші рет үйленгенде все можно. Аида Кауменова тігіп берді бүкіл костюм бәрін. Ол айтты қазір бордовый цвет қазір модный. Шалбары да мынадай широкий. Необычный боп шық деді. Қазір біраздан кейін шаршағаннан кейін басқа көйлек кием тоже.

- Сізде де екінші образ бар ма?

- Менде де екінші образ бар, себебі мынаумен ыстықтап терлеймін.

Алайда Айқын: бар жақсыны сүйіктіме әпердім, 9 жылда берген уәделерімді барынша орындауға тырыстым,- дейді.

- Мен айттым 5 жыл хейт болады, 5 жыл күте тұр одан кейін елдер қояды, басылады үйренеді. Оның үстіне біз жігіт болғандықтан іспен дәлелдейміз, бірінші жанұямызды тастамаймыз. Қазір үлкен ұлым қасымда отырады дастархандас болады. Кіші қызым ауырып қалды ол да келу керек еді.

Айқынның Жұлдызға жасаған тосынсыйы әнші – Алексей Чумаков болды. Төлепбергенов сүйікті әртісімен қосылып Жұлдызға арнап ән шырқады.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Ол кісінің енді бағасы да сұмдық екен, райдері де. Райдерінің өзі 10 мың евро тұрады. Жұлдыз Ирина Кайратовнаны сұраған негізі, бірақ Ирина Кайратовна кішкене тойға форматына өтпейді.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Негізі бұл Жұлдыздың талабы шығар деп ойлаймын. Ер азамат ретінде Айқын да соған бас білдіргеніне мен қуаныштымын.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Бұл деген әдемі естелік қой өмір бойы жаңағы отбасылық тарихында қалатын, балалар көреді ертең дегендей.

Айдай Исаева, тележүргізуші:

- Мен ойлаймын бұл нағыз той деп, өйткені бала шаға бар,сенім бар, міне Жұлдыздың өзі күліп ойнап жүр.

Арман мен Аша, жұлдыз жұп:

- Как раз жаңа леп отношениеға, жаңа сезім как первый раз будто бы. Ары қарай свадебное путешевствие болсын.

- Сіз де солай қаламайсыз ба күміс, алтын той - 15 жылдықтарда?

Енді келесі жылы бізде он жылдық мерейтойымыз келе жатыр, сондықтан бәрі де мүмкін.