«Жас Қанат жеребе»

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүбірлі доданың алғашқы лауреаты, осыдан 30 жыл бұрын конкурс шымылдығын түрген Медеу Арынбаев, жастарда мүмкіндік мол екенін айтады. Байқау ұйымдастырушылары да дәстүрден жаңылмай байрақты бәсеке жасауға барын салып әзірленіп жатыр.

Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Биыл 30-шы рет болғалы жатқан Жас қанаттың ең алғашқы дауреатысыз, иә, өзіңіз, Медеу аға?

- Иә, 92 жылы.

- Жылда сізді жюрилер қатарында көреміз

- Жыл сайын Жас қанат, әрине қарқынды өсіп келе жатыр. Жастарды таң қалудан шаршатпаймыз, оларда өйткені еркіндік бар, мүмкіндік бар. Біз қатысқан кезде, әрине, қорқақтаумыз, алаңдағыш бір сондай едік. Ол заман басқа болды. Бір бетпақтыққа бара алмайтынбыз, бүгінгі жастар бізден қарағанда әлдеқайда, едәуір еркіндік бар, оларда жігерлік бар. Алға қойған мақсаттарын алмай қоймайды.

Әділ-қазылар алқасының тағы бір мүшесі, әнші Жанна Орынбасарова болса, басты критерий – ерекшелене алу дейді. Айтуынша өнердің тетігіне бір кірпіш болып қалану үшін дәл осындай сайыстар қажет-ақ.

Жанна Орынбасарова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мен Жас қанатқа 1998 жылы келген кезде тек қана дипломат болдым. Марқұм Мұрат Әженович «біздің аутсайдерлер» деп айтатын, сол кезде мен ренжіп қалдым да. Бірақ оған қарамайды екен. Егер де адамның өзінің талаптанып, тек қана сахнаға шығып көріну керек.

 

Жеребе тарту кезеңінде алғашқы болып өнер көрсету Қаскелеңдік Кәмилә Сағымбайға бұйырса, бүлдіршіндер арасынан Алматылық 11 жасар Қуаныш Баймұхамбетов бірінші болып бақ сынайтын болды.

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:

- Менімен бірге бірінші болып өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған үміткерлер - Кәмилә және Қуаныш. Қандай сезімде тұрсыздар, ойладыңыздар ма бірінші болып шығамын деп?

Кәмилә Сағымбай, үміткер:

- Сездім, негізі сездім, иә. Отырған кезде ойлағам че то мен кажется бірінші орын алатын сияқтымын. Вот.

Қуаныш Баймұхамбетов, үміткер:

- Ощучение просто переполняют \муж\- Алғашқы болып өнер көрсетінімді білгенде қатты қуандым, бірақ қобалжып та тұрмын. Сондықтан ол сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын.

Енді қатысушыларды тамыз айына дейін үлкен дайындық күтіп тұр. Үміткерлерді қолдап келгендер қатарында музыкалық доданың былтырғы жеңімпазы Ерназар Жұбан болды. Ол, Жас қанат өнерпаздардың өмірін 100 пайыз өзгертетініне сенімді.

Ерназар Жұбан, Жас Қанат – 2023 жеңімпазы:

- Осы Жас қанат 2023-тен кейін менің өмірім қатты өзгерді деп айтсам болады. Биыл мен бір үлкен жетістігімнің бірі - биыл мен халықаралық Славянский базарда Қазақстанның атынан өнер көрсететін боламын.