Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Орта Азиядағы ең ауқымды фестиваль! Заманауи қазақ музыкасын дәріптейтін – «OYU Fest». Біз бүгін ән тыңдап қана қоймай, алтыбақан теуіп, асық ойнап, қазақи колориттің вайбына сүңгиміз.
«OYU fest» - қазақ музыка индустриясын дамытудың жаңа алаңы. Дәл осы мақсаттта «OYU Live» жобасын ашқан Айсұлтан Сейітов 3-ші жыл қатарынан open air өткізіп отыр. Нарыққа өзгеше стандарттар мен ерекше формат алып келген режиссер, осылайша отандық әртістерді қолдамақ ниетте.
Алмаз Мержақыпов, жүргізуші
- Менің ойымша қазір Алматыда ренессанс болып жатыр. Бұрын соңды ондай болмаған. Маркетинг дамыған, режиссура дамыған именно концерттің. Барлығы как мы любим говорит бәрі шетел болып жатыр.
10 сағатқа созылған шараның жүргузішілері - актриса Алмагүл Сағындық және модель, блогер Алмаз Мержақыпов.
Алмаз Мержақыпов, жүргізуші
- Алмаз бүгін «OYU fest»-тің жүргізушісіз, тізгіні ұстайсыз сізге ұсыныс түсті ма?
- Мен Банкгокта жүргенде Айсұлтан жазды, июньнің 1-і, сосын июльдің 27-сі бос емессің деді. Жарайды дедім Айсұлтан шақырса «иә» дей беру керек қой.
«OYU fest»-тің тұрақты әншісі - Ayau. Әсем дауыс иесі бұл жолы жалғыз өнер көрсетпеді. Ол сахнаға тек қыздардан құралған жеке бэндын алып шықты.
Ayau, әнші
- Бұл біздің қыздар да неше түрлі аспапта ойнай алады, қыздар да өте мықты, біз жігіттермен бірге бір сахнада өнер көрсете аламыз деген сияқты.
Рауан Романи, актер
- Заманауи қазақ музыканттары арасынан кімді тыңдайсыз?
- Бүгін енді Ирина Кайратовна.
- Чина әні орындалғанда сахнаға шығып кетпейсіз ба? Әдет болып қалған шығар...
- Білмеймін оны көреміз...Мүмкін шығып кететін шығармын.
Жазира Еркін, актриса
- Осындай фестивальді мен Москвада көргенмін, «VK fest» деген фестиваль болды, үш күн қатарынан, тем более таза ауада кайф.
- Заманауи қазақ музыка музыканттарынан кімді тыңдайсыз?
- ARShAT, ARO ұнайды.
Ауқымды опун-эйрдің ұйымдастырушылары - Айсұлтан Сейітовтың «QARA Studios» продакшны. Шетелден арнайы келген Айсұлтан, фестивальдің басынан аяғына дейін өзі қадағалап жүрді.
Жандос Тұңғышбаев, блогер, продюсер
- Шынымды айтсаң біз өткен фестивальді бітіре салып, үшіншісіне дайындала бастадық.
- Атмосфера шетелдегідей, мұндай креативтің бәрі кімнің иедясы?
- Ол да мен7 Бір челлендж болған, «OYU fest»-ті шетелдегі фестивальдер сияқты жасап, одан келешекте Орталық Азияның Коачелласы сияқты, болашақта мүмкін адамдар «OYU fest» үшін Қазақстанға келеді.
- Айсұлтанмен қанша жылдан бері жұмыс істейсіз?
- Біз сыныптаспыp. Содан кейін КТЛ-ге бірге түскенбіз. Айсұлтан наш идейный вдохновитель.
Марат Оралғазин, тележүргізуші, шоумен
- Жаппай бізде енді музыка, кино саласы қарқынды дамып жатыр ғой, солардың ішінде Айсұлтанның да өзінің алар орны бар. Атмосфера керемет маған ұнап жатыр.
Кеш хедлайнері – Нұрлан мен Мұрат. Талай хиттің авторлары келген қонақтарды настольгияға бөлеп, 20 жылдан бері трендтен түспеген композицияларын орындады.
Өнер көрсеткен әртістерден бөлек жұрттың назары Димаш Әділетте болды. Швейцарияда тұратын сұраныстағы сүрбойдықты көрген қыздар суретке түсуге кезекке тұрды.
Димаш Әділет, инвестор
- 3-4 күн бұрын үйге Женеваға қайтуым керек еді. Досым Айсұлтан Сейітов «OYU fest»-ке шақырған соң, жұмысты тоқтатып елде қалдым.
- Кеш соңында хедлайнер сияқты болып кеттіңіз, бәрі сізбен суретке түсіп жатыр?
- Өзім де таңқалдым, осындай көңіл бөленеді деп ойлаған жоқпын. Тек қонақ ретінде келген едім. Сый-құрмет көрсеткен жандарға алғысым шексіз.