Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- «Qazaqsha терапия» - маст си! Яки, әр қазақ тыңдауы тиіс театрландырылған музыкалық кеш! Тұсауы кесілгелі трендтен түспеген жоба бүгін туған күнін атап өтеді. Әрине өзінің сүйікті көрерменімен. Біз де «Qazaqsha терапия»-ның 1 жылдық мерекесіндеміз!
«Qazaqsha терапия» 1 жылдың ішінде 7 рет концерт өткізіп, бәрін солд-аут жасады. Алғашында Қуыршақ театрының қуықтай сахнасында небәрі 200 адамға өнер көрсеткен әртістер, аз ғана уақытта Алматы театрын лық толтырды.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы
- Дәстүрлі әнші десе біздің қазақтың көз алдында шын айтамын әлі күнге дейін бір домбыра ұстаған үкі таққан біреу шығып бір ән айтады тек. Қаншама адамдардың миларында қатып қалған бір стреотип бар ғой, сондай бір дүниені бір құрта алған сияқтымыз.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы
- Алғашында 10-20 адаммен бастағансыздар..
- Бір жыл бұрын 12 адаммен шамамен бастағанбыз, бүгін сахнада 50-ге тарта адам өнер көрсетті. Сахнаның сыртында шамамен 25 адамдай бар.
- Ұлттық кодты іске қосып, тыңдарман рухын оятатын «Qazaqsha Терапия» сіз үшін...
- Жанымнан да қымбат деп ойлаймын.
Нұрболат Қыдырбаев, қобызшы, музыкалық жетекші
- Бұл жәй ғана жоба емес біріншіден идеалогия ғой былайша айтқан кезде насихаттау. Біздің парыз деп ойлаймын өнер адамының парызы.
Бір жылдық мерейтой нағыз шоуға айналды. Концертте әннен бөлек, би қойылымдары арнайы спектакль форматында қойылды. Бұл кешке тіпті шақыртудың өзі ерекше креативпен жасалған-ды.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы
- Атқа мініп шықтық, әйтеуір елдің назарында болғымыз келді шынын айту керек, бір жағынан қазақтың салтын сақтағымыз келді. Болашақта білмеймін арбамен аралайтын шығармыз.
Сәкен Майғазиев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі
- Шынында тіліміз шұбарланып, дүбәраланып бара жатқан кезде ұрпақтарымызға ауадай қажет дүние.
Ғазрет Ержанов, актер
- Негізі осындай деңгейде болады деп ойлаған жоқпын мен жоғары деңгейде. Негізі осындай дәстүрлі қазіргі өнерге ашпыз ғой.
Артур Төлепов, актер
- Бүгін күлдік жыладық тебірендік рухтандық. Қолымызға қылыш алып далаға шығып кеткіміз келді. «Qazaqsha Терапия» опасна екен.
SABIRKIN, блогер
- Шынымды айтамын өте бір ерекше форматта. Совремменность араласқан, сонымен қатар қазақилық сақталған.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы
- Шыны керек нөлден басталған жоба. Еңбегіңіз, шығынңыз ақталып жатыр ма?
- Шығын жайлы ештеңе айта алмаймын, бірақ еңбек ақталып жатыр деп ойлаймын.
Нұрболат Қыдырбаев, қобызшы, музыкалық жетекші
- Біздің еңбектің ақталуы ол бүгінгі мысалы 700 адамның авациясы ғой. Соңғы 15 минуттағы қошемет. Бұл кісілердің жүздері нұрланып жатқаны, біздің еңбек ақымыз деп ойлаймын.
Концерт форс-мажорсыз өтпеді. Жоба авторымен сұқбат барысында «REVUE» тілшісінің басына бишілерге арналған сым темір құлап кете жаздады. Десе де Әсет Есжан оқыс оқиғаның алдын алып үлгерді.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы
- Абалайықшы мынау басымызға құлап, 1 жылдықта өліп қалмайықшы...
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Музыка жан дертіне дауа! Ғасырлар дәлелдеп тастаған аксиома! «Qazaqsha терапия»-ның жетістігі де осында! Ұлттық кодты іске қосады, делебеңді қоздырады. Бұл терапия - жүрекке жылу сыйлайды!