«Ол ару» Рамазан Амантайға опық жегізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тректің жарық көргеніне 1 айға жуық уақыт болды. Қыздар қауымының қытығына тиген де, туындыдағы дәл осы тармақтар. Сөзін жазған Рамазан Амантай. Ақынның өзінен әлеужелідегі шу туралы сұрадық.

– Жақында әлеуметтік желіде, атап айтқанда тиктокта шу тудырған Алишер Қонысбаевтың «Ол ару тек саған иіледі» деген әні.

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

– Енді қазір феменисткалар дәуірлеп тұрған заманда, «Ол ару» хейтқа ұшырап қалды. Типа: Біз жігіттер үшін киінбейміз,-деген сияқты. Соны мойындамай жатыр да короче. Басым бәлеге қалғанын қаламаймын. Сол үшін мен оны бір досыма жұбату ретінде шығардым.

  • Ол досың танымал адам ба?
  • Танымал адам.
  • Қай салада қызмет қылады?
  • Ән саласында. Айта алмаймын бірақ.

Бұл досыма жазылған жолдар еді. Қыздарды кемсіту ойымда болмады,-деген Рамазан, қазіргі ерлердің отбасына көңіл бөлмегенінен, ажырасудың жиілегенін айтады.

– Енді сол әннің тарихын айтып берші.

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

– Қазір ажырасу көп. Прямо үйленіп ажырасып кетеді. Қанша достарым үйленді. Прямо 70 пайызы ажырасып кетті. Соларға қарап, біреудің жеке басына арнап шығарған әнім тұғын. «Ол ару» деген. Отбасы деген – құнды дүние. Соны сақтап қал, еу досым-еу деп айтқан әнім тұғын.

Айналасында болып жатқан даулы жайттарға қарамастан Рамазан, күздегі шығармашылық кешіне әзірлікті бастап кеткен. Тіпті концепциясы да дайын.

– Қарашада өтетін жеке авторлық кешіңді толықтырып айтып берсең. Онда кім болады? Форматын ойластырып қойдың ба?

Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:

– Негізі ойда жүрген дүние. Анандай бір ой келіп тұр. Типа ағалар мен інілер жарыстырамыз ба деген сияқты. Аға буынды: Төреғали ағамыз, Айқын, Нұрболат ағаларымыз, Қуандық Рахым, Ернар Айдар, Ғаділбек аға, Серік аға. Көп енді ағалар. Бәріне жаздым. Қайрат Нұртас. Сол кісілермен: Садраддин, Алишер, Тұрар, Мирас деген сияқты іні буындарды бірге жарыстырып концерт берсек, қалай күштілеу ма деп қоямын. Кайфтау ма?)