Калифарнияның репертуарындағы «Хат» композициясы енді «Оттегі» фильмінің ресми саундтрегі. Музыкант картинаны таспалаған локацияда арнайы бейнебаян түсірген. «Оттегінің» креативті продюсері Марғұлан Әден пиар компанияны клиптен бастадық дейді.
Марғұлан Әден, продюсер, блогер:
- Инстаграмда да ютубта да. Енді біз инстаграмның ходтарын примерно түсінеміз. Ал енді ютуб бойынша қиын болады бірақ енді осы уақытқа дейін көресіз ғой не өтеді не өтпеді. Анализ жасағанбыз осы уақытқа дейін. Трендттерді қарап отырамыз.
Сондай-ақ, саундтрекпен қатар күні кеше «Оттегі» картинасының алғашқы трейлері жарық көрді. Ролик ұсыныла сала бірнеше сағаттың ішінде инстаграмда 2 миллион, ал YouTube видеохостигінде 10 мыңнан аса қаралым жинаған. Марго пост-продакшн идеяларын Қуаныш Бейсектен алдық деп отыр.
Марғұлан Әден, продюсер, блогер:
- Мен осы орайда «Дәстүрге» рақмет айтқым келеді. Кука Бейсекке, прям красавчик. Бізге кәдімгідей көрсетіп берді. Вот осылай жұмыс жасау керек деген сияқты. Осылай жұмыс жасаңдар, одан ассаңдар қуанамын дегендей айтып кетті енді бізге.
Бұл тек бастамасы ғана деген Марго, алдағы 1,5 ай бойы үлкен жарнамалық интерграция жүретінін айтады. Трейлер, саундтректен бөлек енді ютубта подкаст және инстаграмға кішігірім роликтер таспаламақ.
Марғұлан Әден, продюсер, блогер:
- Үлгі ретінде ала аламын, оның жұмысын. Енді біз тура солай қайталамасақ та басқа да бір ходттар бар, идеялар бар жазып қойдық. Март айында салынып бастайды маркетингтер идеялар.