Сиквел араға 5 жыл салып жарыққа шықты. Лентаның ұзақ паузада тұруына – карантин себеп. Құралай: бұл үзіліс біз үшін пайдалы болғандай. Халық сағынып қалған. Сондықтан бір миллиард жинаған да шығармыз»,-дейді. Ал Айдарды ойнаған Дәурен Серғазин сенімді болғанын айтады.
Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:
– Менің фильмде күмәнім болмаған. Бірақ та бір миллиард жинаймыз деп осындай екі аптада ойламағанмын. Ол өте Қазақстан киноиндустриясында болып жатқан өте керемет бұл жаңалық. Тек қана мен үшін емес, біз Голливудтық фильмдермен бәсекеге түсе алатынымызды көрсетеді бұл жайт.
Дәурен Серғазин, актер:
– Шынымды айтсам күттім. Өйткені бұл елдің сүйікті киносына айналған туынды. Одан кейін енді көрерменнің жазып жатқан пікірлері бар. Сұранысы бар.
«Біз киносүйер көрермен үшін осы 7 жыл ішінде туыстай болып кеткеніміз анық. Себебі лента прокатқа шыққалы Қазақстанның әр аймағына барып, фильмді халықпен бірге тамашаладық. Жұрт бізді көрген бойда, бірден суретке түсіп, еш жатырқамады»,-дейді кинопродюсер.
Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:
– Енді барлығымыз білетіндей ол: Алматы және де Астана. Менің өзім шыққан Батыс. Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары жақсы бізге касса әкеліп жатыр және де әрине Шымкент.
Анарбековадан «Брат или брактың» жалғасын сұрап жатқан жұрт жетерлік. Бірақ кинопродюсер мен басты рөлде ойнаған Дәурен Серғазиннің айтары бар.
Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:
– Әрине егер мен жақсы идея тапсам төрінші бөлімін түсіргім келеді. Бірақ та біздің актерлар айтып жатыр: осымен үшпен шектелейік деп.
Дәурен Серғазин, актер:
– Негізі үш бөліммен тоқтаймыз деп продюсердің өзі айтқан. Ары қарай білмеймін. Егер әрине халықтың сұранысы артып жатса, егер қызық ойлар туып жатса бәрі де мүмкін. Болашақты болжай алмаймын.
Фильм үлкен прокатқа шыққан бойда, кинотеатрдан заңсыз түсіріп алып, түрлі телеграм арналарда сатқандар бар. Осындай қарақшылық әрекет жасағандарға Анарбекова, айлаларын асыруға жол бермепті:
Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:
– Әрине бұл жағдай бізді уайымдаттырады. Сондықтанда мен алдын ала болжап пиратстовға қарсы компанияны жалдап, телеграм не басқа жақта шығып жатса олар мүлдем аккаунтымен бірге блоктайды. Қазіргі сәтте біздің фильміміз интернетте жоқ. Бір телеграмда да жоқ. Бірақ та кейбір телеграмда шыққан. 2-3 мың просмотр болған аккаунттар таптық. Бірақ ол адамды қазір біз сотқа беріп және де үстіне 220 миллион штраф салдырып жатырмыз.
«Брат или брак» картинасы ғашықтар үшін таптырмас алаңға айналғандай. Себебі кино біте салысымен, сүйіктісіне үйленуге сөз салған жастар жетерлік. Солардың бірі жайдарманшы «АЭСА» тобының ойыншысы – Есен. Құралай: «Ол жігіт бізбен ақылдасты. Қуана-қуана келісім бердік»,-дейді.
Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:
– Иә, ол өте керемет жайт. Өйткені біздің фильм осындай трендке айналғанына. Жанұялық құндылық болғаннан кейін және де өздеріңіз әрбір бөлімде көріп отырсыздар. Бір бала болса, одан кейін екі бала болды және де ауызбіршілік. Біздің кинодағыдай өмірлерінде махаббат болсын.
Қазіргі таңда көптеген картиналар бір миллиард теңге тауып жатқаны, қазақстандық кинонарықта бәсекенің және сапалы толықметрлердің артқанын білдіреді,-дейді Дәурен Серғазин.
Дәурен Серғазин, актер:
– Қазақстанның киноларына көрерменнің ықыласы, махаббаты, сенімі күшейді. Халықтың қазір шетелдің емес, көбінесе өзіміздің туындыға ықыласы артқаны ол байқалады. Соған жұмыс істеп жүрміз де.