Сіз күтпеген фит пен болашақ хит! Айқын Төлепберген мен Кисло-Сладкий коллаборация жасайды деп ешкім ойламаған-ды. Десе де қос өнерпаз «Она тебя любит» атты дуэт жазып, арнайы mood video да таспалады.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Өзім де ойламағанмын негізі бірақ бұл әнді біз демосын естіп алғашқы рет “она тебя любить” деген орысша ән естідім да жаңағы Асанәлі деген досым музыкальный продюсер тоже бір рэпер қажет болды бізге сүйтіп Асанәлі екеуміз әрі ойлап, бері ойлап Асекең Кисло-сладкиймен шығарайық деді. Себебі, қазір өте талантты жігіт және энергетикасы екеуміздің энергетикамыз ұқсас та давлениямыз.
Муд видеоға арнайы сюжеттік оқиға ойластырылған. Бейнебаянда «Superstar» жобасының кастингі көрсетіледі. Сэй Мо мен Айқын қазылар алқасы болса, Кисло-Сладкий – байқау қатысушысы.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Бұл жаңағы осы жас жігіттердің жас буынның идеясы. Кисло-Сладкий достары сүйтейік деген сияқты, бұл негізі толықметражды бейнебаян емес, более муд видео сияқты сонда да бірақ муд видеоның өзін профессионалды түрде түсіру керек. Нағима Есқалиеваның орнына Say Mo отырады, Серик Акишев орнына мен отырамын.
Сэй Моның муд видеода төбе көрсетуі де бекер емес. Еске салсақ, бұған дейін Кисло-Сладкий Мөлдірмен «Бірлік» атты фит жазған болатын. Содан бері олар тығыз шығармашылық байланыста. Екеуінің коллаб жазу барысында жүктеген ортақ суреттерін көрген жұрт: «Жаңа жұп пайда болды», «Екеуінің вайбы үйлеседі» деген сынды пікірлер қалдырды. «Сіздерді не байланыстырады?» деген сауалымызға, Дархан ағынан жарылып: «Біз жай ғана доспыз» - деп жауап берді.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Оның бәрі жай просто прикол ретінде болып кетті на самом деле ниче такого нету, Say Mo менің досым.
Мөлдірмен әзіл жарастырған Дархан оларды шиппер еткен фанаттарға да жауап жазып отырады. Мәселен, «Say Mo -ны қашан ауылға келін қылып әкелесің?» деген комментаторға: «Ауылға көндіре алмадым, қалада тұрамыз» деп жауап қатқан-ды. Рэпер мұның жай ғана қалжың екенін түсіндірді.
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Түрінде жазылып тұр ғой ауылға бармайтын қыз екені все.
- Айқын Төлепберген мен Кисло-Сладкийдің күтпеген бір feat болайын деп жатыр. Екеуіңіздің жанрларыңыз бір-біріңізге ұқсамайды, бірақ ол feat жазуға кедергі келтірмеген сияқты?
Кисло-Сладкий, рэпер:
- Конечно братанмен вообще люблю его свой брат мужик Айқын жасында осындай молодой не у всех ой ме няғып орысша сөйлеп жатырмын. Біз осылай ойлап таптық братжан таныстырды сосын келіп бірге өлең жаздық бірінші өлең емес тағы екі өлең бар бізде алдыда.
Айта кету керек, Айқын мен Дархан аталмыш тректі небәрі бір күнде жазып шыққан. Ән махаббат жайлы.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Басты месседжі ол қыз сені жақсы көреді бірақ ол қыздың агашкасы бар үлкен жолама оған өміріңді құртады деген сөз она тебя любить но погубит, папик её любит дейді деген сөздер а то что Кисло- сладкий не слова не понял там оны титрмен жібереміз қазір мода сондайғой рэперлер деп жібереді.