Алдияр Жапархановты концерт, пати және түрлі ивенттерде жалғыз көру мүмкін емес. Ол әрдайым жанына жарын ертіп жүреді. Оның себебін Ирина Кайратовна тобының мүшесі бізге былай түсіндірді:
Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:
-Бір қызығы жарыңды әрдайым жаныңда алып жүресің. Сенің талисманың деп айта аламыз ба?
-Менің әйелім біріншіден, ең бірінші менің редакторым, ең бірінші менің ақылшым. Өйткені, бүкіл сценарий, бүкіл ой, идеяларды бірінші боп тыңдайтын адамдардың бірегейі – менің әйелім сондықтан да.
- Біз бірнеше концертте көріп калдық та. Соған қарағанда сізді қолдап жүретін сияқты әрдайым.
-Баға беріп жатыр, қолдап жатқан жоқ.
-Қанша баға берді?
- Нормально, нормально.
- Болады деді ма?
- Иә, болады болады. Жүре бер деді ғой вообщем.
«ИК»-лық сері бастаған әр жобасында жұбайымның пікірі маңызды дейді. Еске салсақ, Мадина мен Алдияр шаңырақ көтермей тұрып, шығармашылық продакшнда әріптес болған.
Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:
- Жаңа айтып қалдыңыз сцеранийлерді бірінші естиді деп. Ал, ақыл-кеңес сұрайсыз ба шығармашылыққа қатысты?
- Иә, әрине. Өйткені, әйелдің ойлау қабілеті және еркетің ойлау қабілеті екі түрлі. Сондықтан да үлкен көмек негізі. Жалпы қасында бар әйел кісілерден, әпкең болсын, анаң болсын, әйелің болсын олардан ақыл сұрау керек. Өйткені, оларлың ойлау қабілеті басқа. Сенен қатты өзгеше. Сол.
Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:
- Бір қызығы, Мадинаның желіде аккаунты жабық екен. Оған сен қарсы болдың ба ашуына, әлде өз шешімі ма?
- Жоқ, Мадинада 8 млрд адам сияқты жеке тұлға. Сондықтан да оның өзінің шешімдері бар.
Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:
- Көпшілікке үлгілі жұппын деп айта аласың ба өздеріңді?
- Жоқ, айта алмаймын. Өйткені, бізде де өзіміздің ұрыс-керістеріміз болады. Бірақ, ол кез-келген жұптың тағдырында болатын негізі, болатын оқиғалар деп ойлаймын. Сондықтан да жоқ. Ешкім.. біз өзімізді иә, біз өзімізді де, жеке өзіміз де, мысалы өзімізді идеальный деп санамаймыз ешқашан.