«Саған ешкім қарамайды». Бұл – Шерхан Пірназар басты рөлде төбе көрсететін жаңа картина. Әнуар Матжанов пен Сәбит Рахимбаевтың режиссерлығымен таспаланатын фильмнің түсірілімі Вьетнамда 15 наурызда старт алмақ.
Шерхан Пірназар, актер:
- «Саған ешкім қарамайды» деген, үйленгендеріне, ой ажырасқандарына примерно бір 2-3 айдың көлемі болады. Сонымен ақыр соңында бір-біріне дәлелдеу керек міне саған ешкім қарамайды деп әйелі ұрсып кетеді, саған да ешкім қарамайды сен көкбетсің анау-мынау деп ақыр соңында бір-біріне дәлелдеумен сонымен хэппи энд болады ғой негізі.
- Вьетнамға дайындығыңыз қалай енді?
Шерхан Пірназар, актер:
- Жақсы, енді салмағым 90 кг болғам, қазір 80 боп тұрмын, азып жатырмын. Режиссермен сөйлесіп, хабарласып, қандай ұсыныстарыңыз бар не айтасыз дегенде азып көрсең, шашыңды өсіріп көрсең деген талаптар қойды. Давай көрейін онда азу керек болса, азайын деп сонымен 10 кг тастадым әзірге.
- Қалай арықтап жатырсыз? Диета ма әлде қалай?
Шерхан Пірназар, актер:
- Ең бірінші астың режимін дұрыстадым, азанда міндетті түрде завтрак, түсте көп тамақ ішпеймін. Жатарда ғой бізді құртатын. Үйге келгеннен кейін сразу бірден ұйықтай салмайсың ғой, әр жүресің бері жүресің, сонымен ас бөлмеден шықпайсың, холодильникті ашасың, жабасың соның бәрін шектеп тастадым.
Актердың айтуынша, отбасылық комедияның сюжеті оған таңсық емес. Өмірде жұбайымен түсініспеушілік болған сәттерде «Саған ешкім қарамайды» деген сөзді қолданатынын жасырмады.
- Жаңа айтып жатырсыз ғой бас кейіпкермен әйелі екеуі бір-біріне саған ешкім қарамайды деп айта береді деп. Өмірде осы сөзді қолданасыз ба?
- Қолданасың ғой.
- Әйеліңізге айтасыз ба?
Шерхан Пірназар, актер:
- Енді кейбір жағдайларда болады ғой енді. Қазір енді ешкім идеал емес қой. Арасында ұрысып қаламыз, болмайтын нәрсеге, болмайтын нәрсеге бір-бірімізге ренжіп қаламыз, сондай кездерде мен айтам ғой эй мен алдым ғой сені,менен басқа саған ешкім қарамайды деп ше. Сөйтіп арасында айтып тұрамын. Сосын ол неге қарамайды, қарайды маған деп ол бұлқан-талқан боп кетеді. Ақыр соңында нормально татуласып кетеміз, сосын келеді точно маған ешкім қарамайды деп ойлайсың ба анау-мынау деп ше. Болды мен бүгіннен бастап фитнеске, бассейнге барам деп өзінше боп шыға келеді әйтеуір.