Инфлюенсерлер кез келген жарнама жарияласа, пост соңына «PR құқығында» не «жарнамалық материал» белгісін қоюға міндетті. Бұл фолловердің алдануының алдын алады. Аталмыш заң 2 наурыздан бастап күшіне енді. Бұл ереже қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған.
– Инфлюенсерлер желіге онлайн жарнама жариялайтын болса, оның жарнама екенін таңбалауы керек дейді. Жалпы бұл заңмен қаншалықты келісесің?
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Қазір ютубта да шығып жатыр ғой. «Жарнама» деп жазылып тұрады. Негізі заңды түрде қабылданса, өте керемет.
- Қабылданды уже.
- А қабылданды ма? Өте қуаныштымын. Өйткені кейбір кезде жарнама беретін адам да айтады, жазба дейді жарнама екенін дейді. Бізді де алдап кететін сәттер болады. Жарнама жасап, білмей қаламыз да енді. Кейіннен алдауы мүмкін да.
- Қалай ол?
- Мысалы бір компания болады, бірнәрсе айтады. Реклама істейсің. Соңында бір минустары болса, сізге кеп кінәлайды.
Әзірге бұл ережеге бағынған-бағынбағандарды анықтау реті белгісіз. Қандай жаза қолданылатыны да беймәлім. Ал Әсел Асқар заңды құптайтындардың қатарында. Дегенмен бұл блогерлердің қалтасындағы кіріс-шығысты, салықты кезекті рет бақылауға арналған қаулы сияқты,-дейді.
Әсел Асқар, блогер, актриса:
– Любой заңмен келісем. Өйткені оны ақымақ адам ойлап тапқан жоқ шығар енді. Бізден де ақылды, жоғары жақта отыратын адамдар ойлап тапты. Біз соған бағынуымыз керек деп ойлаймын. Өз жағымнан бүкіл налогымды төлеп жүрмін.
Әселдің ойымен Артур Давлетьяров та келіседі. Атақтылардың ақшасын санаудың айласы ғой,-деп топшылады.
Артур Давлетьяров, әнші:
– Еще оған налог төлеу керек шығар еще. Мен вообще жарнама жасамайды екем. Неге десеңіз, ондай қатты спрос та жоқ негізі менде. Артур сіз реклама жасайсыз деп қатты кетпей-ақ қояйын. Но, в любом случае мен әртіс болғаннан кейін жарнаманы көп салмауға тырысамыз. Былай енді достарым болмаса.
Жарнаманы таңбалау – белсенділік пен статистиканың төмендеуіне әкеп соғады. Блогерлердің басым бөлігі, жасырын жасайды ғой,-дейді Анель Кенжебекова.
Анель Кенжебекова, блогер:
– Бізден жарнама алатын кісілерге ол бір минус болуы мүмкін. Өйткені көбісі ой жарнама деп өтіп кетуі мүмкін, қатты мұқият қарамауы мүмкін. Өйткені көп блогерлар жарнама жасаған кезде бір нативно жасағысы келеді да. Бастапқыда бір әңгіме айтып келе жатып, соңында өзінің рекламасын бір нетіп жібереді. Енді ол бір тактика деп аталады да.
Ал 2023 жылы 10 шілдеде блогерлерге байланысты тағы бір заң күшіне енді. Қылмыстық кодекске сәйкес қаржылық пирамидаларға жарнама жасағандарға 2 мың АЕК айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. «Тапсырысты постты таңбалау керек» деген жаңа қаулыны құптайтындар қатарында Аии офишал да бар. Себеп: жұрт не көріп отырғанын білуі керек,-дейді.
Aii officiiall, блогер:
– Кейбір блогерлар бар. Барлығына топырақ шашпаймын. Жаман реклама жасауы мүмкін. Ол дұрыс па, дұрыс емес па білмейді да. И адамдар сенуі мүмкін. Сондықтан алдын ала ескертіп қойғаны дұрыс деп ойлаймын.
– Бұл заңмен қаншалықты келісесің?
Жансерік Қадырбаев, блогер:
– Арнайы жарнама деп жазып қою, кішкене бір... Маркетинговый ход жағынан, адамды, көрерменді тарту жағынан кішкене қиын болатын сияқты. Себебі жарнама деген жазуды көрсе адам бірден өтіп кетеді. Сондықтан да неше түрлі креативпен, неше түрлі подходпен күшті жарнама жасайтын кісілер бар ғой. Мен өзім екі жылдай болды жарнама алмаймын.