Айдана Шалқар, @aiudna
- Олар әлемнің 100-ден аса қаласында 3000-ға жуық концерт қойған. Қазақстанның ұлттық визиткасы десек, артық айтқанымыз емес. Біз бүгін «Тұран» этно-фолк тобының жеке ән кешіндеміз.
- Осындай жоғары сұранысқа ие болып, әлемдік аренаға шығуларыңыздың құпиясы неде?
«ТҰРАН этно-фолк» ансамблі:
- Біздің осы ұлттық өнерімізде, қасиетті аспаптарымызда. Біз алғаш құрылған кезде миссиямыз да сол еді. Әлемге біздің ұлттық музыка өнерін, яғни аспаптарын таныту, паш ету. Сол миссиямыз жүзеге асып жатыр Аллаға шүкір.
«Тұран этно-фолк» ансамблінің құрылғанына биыл - 15 жыл. Олар осы уақыт аралығында Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Париж, Берлин, Сеул, Мәскеу қалаларының ең үлкен концерттік залдарында ұлттық аспаптарды таныстырған.
- Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Вашингтон секілді Солтүстік Американың қалаларына да үлкен концерт бердіңіздер. Шетелдік көрерменнің тарапынан қандай фидбэк болды?
«ТҰРАН этно-фолк» ансамблі:
- Шетел азаматтары қатты таңғалады. Экзотика санайды әу бастан. Олар біздің концерттерге арнайы дайындалып келетін болды. Зерттеп келетін болды. Шетел азаматтары концертке келген кезде «Бұл не аспап?» деп сұрайтын кезінде. Ал қазір қандай аспап екенін біле тұра, олардың қалай ойналатынын кейбіреуі үйреніп келіп, ана күйдің мына жері қалай деп сұрайтындай деңгейге жетті да.
- Сіздердің шығармашылықтарыңыз Қазақстанның нарығында қаншалықты бағаланады? Қазір мысалы қазақылыққа ерекше акцент қойылып жатыр.
«ТҰРАН этно-фолк» ансамблі:
- Негізі 15 жыл ішінде мемлекет тарапынан қолдау бар. Себебі, біз бірнеше қормен жұмыс істеген болатынбыз, үлкен гастрольдік сапарларымызды атқардық. Астана қаласында 2-3 концертіміз өтті. Оған да министрлік тарапынан қолдау көрсеткен болатын.
Концертте ел арасында жиі айтыла бермейтін шаңқобыз, нарқобыз, даңғыра, жетіген, сыбызғы сынды ұлттық аспаптарға ерекше акцент қойылды. Тыңдарманды таңғалдырған бұл ғана емес. Көптің көзі қазақы колоритке толы аутфиттерге түсті.
«ТҰРАН этно-фолк» ансамблі:
- Негізі бұл киімдердің тігілуі өте қымбатқа түсті. Сондай-ақ мына темірлер де, барлығы қолдан жасалған. Қолдан тігілген. Неше түрлі темірлердің атын айтты, күмісі бар арасында, алтыны бар деген сияқты, арасында бриллиант та бар-ау деймін сенде емес па? Кімде? Десең.
- Ауыр емес па?
- Белдік ауыр.
- Қанша киллограмм?
- Мынаның өзі бір 700 грамм.
«Тамыр» концертінің тізгіні Мақсат Рахметке табысталған. Шығармашылық топ оның бұл еңбегін 2 миллионға бағалаған. Десе де актер гонорардан бас тартқан-ды.
Мақсат Рахмет, актер, әнші:
- Концертке маған 2 миллион теңге гонорар ұсынды. Мен айтам жігіттер дедім, өздерің осылай халыққа еңбек етіп жүрген кезде менің сендерге жасаған қайырылымдылығым сол болсын тегін жүргізіп берейін дедім. Мен бүгін тегін келіп тұрмын.
- Шынымен ба?
- Тегін кеп тұрмын. 2 млн теңге өздерінің қалтасында қалады.
Айдана Шалқар, @aiudna
- 5 түрлі аспап. Жанды дауыс. Қазақи колорит. Табиғи тандем. Осымен «Тұран» ансамблінің Алматыдағы жеке кеші тәмам. Шығармашылық топтың «Тамыр» халықаралық концерттік жобасына сәттілік серік болсын деп тілейміз!