– Соңғы кезде сізге қатысты тағы бір ақпарат шықты. Оны өзіңіз де мен ТОП-3-те болуым керек деп әзілдедіңіз. Сіздің ориентацияңызға қатысты.
Артур Асқарұлы, блогер:
– Негізі өте күлкілі жағдай. Бұны эфирге бересіздер ма, жоқ па білмеймін. Елімізде түрлі телеграм каналдар бар. Мені жасырын гомосексуалдардың ТОП-ондығына қосып қойған. Креативті адам болғаннан кейін сторисымда: неге ТОП-үштікке қоспадыңдар?,-деп бір әзілдеп алдым.
Артур бұл қауесеттің қайдан шыққанын және алып-қашпа әңгіменің кімге керек болғанын білмейді.
Артур Асқарұлы, блогер:
– Мен Қазақстанда футболды дамытып жатырмын. Өз академиям бар. Онда 300-ге тарта бала жаттығады. Штатта қаншама адам жұмыс істейді. Сондықтан бұндай еш дәлелсіз келтірілген фейк жаңалықтарға бас қатырмаймын. Күлдім де қойдым.
– Тапсырыспен жасалған дүние емес па?
Артур Асқарұлы, блогер:
– Жоқ, жоқ. Жоға, ешқандай дәлел де жоқ. Маған жала жабу үшін тапсырыс беретіндей, біреудің жолын кес-кестемедім. Өмірде жан баласын ренжітпеймін, көңіліне тиюден қорқамын.