Қуаныш Бейсек, режиссер:
- Әлішер Утев режиссер болады, «Дәстүр 2».
- Өзіңіз ше?
- Мен продюсермін, бізде продюсерміз, қазір бәрі екінің бірі продюсер болып жатырғой, бізде продюсер болып алайық деп шештік, Әлішер Утев режиссер, Арыстан Қаунев сценарист, біз «тартария» ұжымы продюсирование, маркетинг өзіме өзімізге аламыз.
Еске салсақ, Әлішер Утев пен Арыстан Қауневтің тандемы бұрынырақ басталған-ды. Қос киногер бұған дейін - «Бизнес по-казахски» және «Брат или брак» фильмдерінде бірге жұмыс істеген.
«Дәстүр» - «Marvel», «DC Comics» кинокомпанияларының хит туындылары сынды жыл сайын жарық көретін франшизаға айналады. Алайда онда әуелгі кейіпкерлердің тағдыры көрсетілмейді, себебі әр бөлімде жаңа оқиға орын алатын болады.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
- Бұл бір ортақ франщиза вселенная бірақ жаңа геройлар, жаңа история.
Таяуда ғана «Қазақфильм» президентінің кеңесшісі қызметіне келген Қуаныш Бейсектің биылға жоспары жетерлік. Режиссер жеке продакшымен 6 фильм таспаламақ. Бірақ Кука онда тек кинопродюсер қызметінде.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
- 6 кино түсіріп жатырқ қой, осы Тартарияда қазір, сол себепті оның бәріне режиссер болып шыға бермейсің ғой, өзім режиссерлық амбициям бар ия,бірақ бір кино түсірем жылына, сол жеткілікті деп ойлаймын.
«Дәстүр» хорроры бокс-офистан 1 миллиард 750 миллионнан астам пайда тапты. Оның 50 пайызын кинотеатрлар иеленсе, белгілі пайызы салық төлеуге жұмсалады. Қуанышқа тиесілі қаражатқа ол мектеп ашпақ.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
- Сіз мектеп ашам деп едіңіз, ол процесс қалай болып жатыр?
- Мектеп ия осы қыркүйекте ашылады, Сол «Дәстүрден» тапқан ақшаны мектепке құйып жатырм, өзім тапқан бөлігін, мектепке құйып жатырм, осы жылдың қыркүйегінде Алла жазса ашылады.
- Кімдер келе алады? Қандай талаппен аласыз балаларды?
- 7 класстан, 11 классқа шейін, общий образовательный және де креативный сала болады. Режиссура, анимация, моушн дизайн деген сияқты қызықты, өзекті.
Картина алдағы уақытта халықаралық кинобәйгелерде бақ сынамақ.