– Сен өзіңді жан-жақтан, әртүрлі қырдан сынап жүрген қызсың. Тіпті театр сахнасынан өзіңді көре бастадық. Көрермен сені көру үшін келетін болды. Аншлаг.
Айжұлдыз Адайбекова, блогер:
– Мұндайды мүлдем күткен жоқпын. Негізі мені бұл театрға алып келген Дәурен Серғазин ұстазым. Дәурен Серғазин уан лав. Өте қатты құрметтеймін ұстазымды. Себебі мен өзіме өте қатты сенген жоқпын. Себебі театрдағы адам ол жылдап ойнап келе жатқан адам. Мен екі аптада театрда ойнап шықтым. Басты рөлді.
– Қазіргі таңда театрдағы мансабыңды жалғастырып жатырсың ба?
Айжұлдыз Адайбекова, блогер:
– Театрға қазір менде бірнеше ұсыныстар бар. Мен қараудамын. Егер өзіме ұнайтын, жүрегіме жақын және уақытыма сай келетін қойылымдар болса, онда неге ойнамасқа? Себебі театр индустриясы негізі осылай да жақсы дамып жатыр. Көп адамнан хейт болуы мүмкін. Мысалы мен театр актрисасы емеспін негізі.
– Қойылымдарыңның біріне анаң яғни Жанар Айжанова апайымыз барды ма?
Айжұлдыз Адайбекова, блогер:
– Келді ғой мамам. Мен қатты аңсайтынмын негізі. Мамам келіп бір қойылымымды көрсе екен деп. Себебі бұрын мектеп кезімде де мама көп келе бермейтін. Жиналыстың өзіне. Себебі әртіс болғаннан кейін уақыты келеді. Кейде келмейді. Мен сол кезде ойлайтынмын неге менің мамам келмейді деп.
Айжұлдыздың «Анам келмейтін шығар» деп үміті сөнгенде, Жанар Айжанова апаймыз Алматыдан ат арытып жалғызын қолдауға, Түркістанға арнайы келген екен.
– Сол кезде кішкене ғана үміт болды. Мамам келмейді деп отырсам, тура туған күннен кейін. Біз екі күн қойдық қой. Мамам келіп, бір қолында гүл бар жүгіріп келе жатыр. Бір кезде мен көзімді уқалаймын. Шын ба өтірік па деген сияқты. Мама екенін көрем да, жүгіріп барып құшақтаймын ғой мамамды. Жүрегім дүрсілдеп, қақ айрылып, бүкіл эмоцияны сезінген шығармын. Бұл өте ерекше сезім.
– Қазіргі таңда немен айналысып жатырсың? Біз білетін Джули бір орында тұрмайды. Бір бағытпен тоқтап қалмайды.
Адайбекованың жалғыз жаңалығы – театр ғана емес. Бүгінде өзін: әнші, актриса, коуч, дизайнер ретінде сынап жүрген сылқым, тағы бір тың бағытты бағындырмақ ниетте.
Айжұлдыз Адайбекова, блогер:
– Көптеген кастингтер болып жатыр. Киноға да және кинодан бөлек басқа бір әлемге де. Театр сияқты жаңа жаңалық болуы мүмкін жақында.
- Мәссаған театр кетті. Музыка кетті. Кино жүріп жатыр. Басқа не болуы мүмкін? Бірінші әріпін айтшы? Әлде айта саламыз ба?
- Жоқ. Құпия болсын. Қызық болады. Келесі эксклюзивте айтамыз.