Айдана Шалқар, @aiudna
- Араға 3 ай салып, Гүлнұр Мамасарипова кезекті толықметрдің түсірілімін бастап кетті. Фильмге “Біз екеуміз” деген атау берілді. Ғашықтардың рөлінде - Дәурен Серғазин мен Гүлназ Жоланова.
Гүлназ Жоланованы фильміне түсуге көндіру үшін Мамасарипова 1 апта уақытын сарп еткен. Продюсер мұның себебін түсіндіремін деп, Гүлназдың құпиясын аңдамай ашып қойды.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Гүлназ ылғи айтатын сіз неге мені шақырмайсыз, неге мені түсірмейсіз деп. Сонымен айтатынмын Гүлназ саған роль бұйырмай жатыр, бір күні бұйырар деп. Осы жолы бірнеше актрисаларды қарастырдық, Гүлназға телефон шалсам, Гүлназ айтады да мен түскім келген кезде алмай, тура мен декретте отырған кезде шыққаныңыз қалай болды деп. Мен айттым балаңа қараймыз, бүкіл группа нянька боламыз, өзім қараймын түсші деп, сонымен Гүлназ түсетін болды.
Осыған қатысты актрисаның өзінен де жауап алып көрдік. Десе де Жоланова әзірге жеке өмірі жайлы пікір білдіруге дайын емес боп шықты.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Бұл – менің жеке өмірім. Бұл сұрақтарға әлі жауап бере алмаймын.
Декреттік демалысына қарамастан Гүлназ продюсердің бетін қайтара алмаған. 2 айдан бері Тайландта тұрып жатқан актриса түсірілім үшін Қазақстанға ұшып келген. Сюжет бойынша Жоланова – Дәурен Серғазиннің қолы жете алмай жүрген ғашығы. Актердың кейіпкері – қарызға белшесінен батқан лудоман болғандықтан, Гүлназдың көңілін таба алмай әбден әбігерге түседі.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Кейіпкерімнің есімі – Маржан. Өзінің кафесі бар және басты кейіпкердің ғашығы. Сондай сабырлы, салмақты. Ауқатты отбасынан, бірақ та өте қарапайым. Біз бір аптадай келіскен шығармыз. Дегенмен бұл жерде басты сценарий болған жоқ. Басқа да тақырыптарды талқыладық содан кейін бір шешімге келіп, мінекей мен түсірілім алаңындамын.
Гүлназдың келісімін алған Мамасарипова да, басты рөлге бекітілген Жоланова да бақытты. Себебі, алғашында негізігі кейіпкерді сомдау үшін арнайы кастинг өткізілген. Десе де бірде-бір талант продюсердің көңілін көншіте қоймаған. Бұл тізімде оның қызы Сара Амангелді де бар.
- Сара сториске салды «Мен бірінші рет маманың киносына түспеймін» деп. Неліктен Сара жоқ бұл фильмде?
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Бір апта қалғанда «мам мен шынымен түспеймін ба» деп келіп тұр. Мен айтам шынымен түспейсің, эпизодқа да түспеймін ба, эпизодқа да түспейсің дедім. Мен айтам неге сен түсе беруің керек, мен енді бүкіл өмірімді, шығармашылығымды саған арнамайтын шығармын деп. Себебін айтыңызшы дейді да. Себебі сенің тек қана Жасың келмей тұр дедім.
Гүлнұр ханым пре-продакшн басырында қызын режтіп те алған. Тіпті, жұбатуға да біраз күш жұмсағанын айтады.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Кастинг директор голосовой жіберіпті да бірнеше актрисалардың атын атап, осы бар осы бар деп. Сосын тыңдап отырдым да автоматты түрде барлығын шақырыңдар пробаға дедім. Бір қарасам орнынан атып тұрып кетіп қалды, мынаған не болды десем, ол кастинг директор айтқан адамдардың арасында өзімен қатар актрисалар айтылыпты, мен оған мән бермеппін.
Фильмдегі махаббат үштігін Шерхан Пірназар толықтырады. Сюжет бойынша актер – басты кейіпкермен атастырып қойған жігіт.
Шерхан Пірназар, актер:
- Қарақан басын ойлап қалған жігіттер көп қой енді. Өз-өзін қатты жақсы көреді, үстіне қыл түссе болды шар-пұр болып, өзін қоярға жер таппай, бір жерге бара жаттса, үстіне шаң немесе су тиіп кетсе, сразу киімін ауыстырып алып, қайтадан киінуге ерінбейтін кейіпкер деп ойлаймын.
«Біз екеуміз» картинасының актерлық құрамында «Байгайс» командасы да бар.
- Мен басты кейіпкер Әскердің досы
- Сен Әскерсің, Дарынның досысың.
- Мен «Біз екеуміз» фильміндегі Дарынның досы Әскермін.
«BayGuys» командасы:
- Біз Байгайс командасы Г. Мамасарипова анамыздың, 2-ші анамыздың сол кісінің «Біз екеуміз» киносына түсіп жатырмыз, менің кейіпкерім – Дарын деген бас кейіпкердің досы Әскер. Әскер шын өмірде өте аңқау, досы үшін бәрін жасайтын адал, ақкөңіл жігіт.
- Бізде аттарымыз Мага, Бага боп қалды. Біз мына кинода главный геройға қарыз ғой ол, соны ұрып, жанын шығарып , всегда қанын ішетін өтірік бандиттерміз. Былайынша айтқанда қазіргі кейбір жігіттердің рөлін ойнайын деп тұрмыз осы тұрғанда.
- Қанаттың жанында жүретін екінші бандитпін ғой, Маганың жанында жүремін. Бандиттікті енді бастап жүрген, жүрегі начинающий бандит қой.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Дәурен Серғазин қиындықтарға қалай төтеп береді? Құмар ойындардан бас тартып, ғашығына қосыла ма? Хэппи энд бола ма, көп ұзамай үлкен экрандардан көретін боламыз.