Әли Оқапов, әнші:
- Зейін өмірге келгелі өміріңіз бен өнеріңізге қөзқарасыңыз өзгерді ма?
- Менің әндерім тіпті Зейін өмірге келгеннен кейін керісінше ондай есейген немесе бір жанұялық немесе сондай бір үлкен бір тақырыптарға емес, керісінше бір жасарып кеткен сияқты бағытым да, өнерім де, көзқарасым да. Дәл қазір ол дүниеге келгеннен кейін мен үшін жаңа мотивация бар, қымбатты жандар айтпақшы мотивация жетпесе бала табыңдар.
Әли Оқапов, әнші:
- Байқасақ жарыңыз да өзінің декреттік демалысын аяқтап, «Асыл» тобына қайта оралды. Екеуіңізде өнердесіздер, сіздер жұмыста жүргенде Зейінге кім бас көз болып отырады?
- Әзірше Ақерке кішігірім декретте жүр. Ол басқа қаларға бармайды. Мен емес оны жібермейтін, ол өзін-өзі жібермейді. Яғни ол бала кіп-кішкентай. 1 жасқа да толған жоқ әлі. Содан кейін енді ауырлау болатын сияқты өзіне де баламен бірге дейтіндей.
Еске салсақ, Әлидің жары Ақерке Бүркітбай 2013 жылдан бері «Асыл» вокалды-инструменталды тобында өнер көрсетеді. Әли жұбайына барынша еркіндік беремін деп отыр.
Әли Оқапов, әнші:
- Мен ол жағынан шектеу жасап жатқан жоқпын. Ол өз-өзіне шектеу жасады. Әрине түсінемін кез-келген қалауын да тыңдаймын, өйткені мен өзім де жолда өске бала болған соң, ондай ештеңенің де жаман нәрсені көріп тұрған жоқпын. Ата-анаға байланысты ғой, егер қараймын десе, далада да қарай береді. Қарамаймын десе үйдің өзінде де қарамай кетеді.
Әли Оқапов, әнші:
- Соңғы кездері жиі саяхаттайсыздар, ол бір отбасылық дәстүрге айналып кеткен сияқты.
- Иә соны бастаған Ақерке ғой бәрін, мен негізінде шетелде көп баруды ұнатпаймын. Біріншіден - мен көп жерге бардым. Яғни бала кезден бері менің әкем маған жарты әлемді көрсетті. Екіншіден - бюджет. Қазір демалысқа бару дегеніміз енді кәдімгідей иә бір бейнебаянның ақшасы шығады мысалыға. Мен үшін бейнебаян әрине маңыздырақ. Бір 10 күнге демалып барған өзіне қарағанда.
Әли мен Ақерке наурыз айында тағы да саяхатқа аттанады. Музыкант өзінің отбасын ғана емес, жарының да ет жақындарын қыдыртамын дейді.
Әли Оқапов, әнші:
- Маған ұнайтыны тек қана екеуіміз ғана емес, бүкіл отбасымызбен барамыз. Еркенің де мысалыға жанұясы бізбен бірге барады. Менің мысалыға анамды енді шығарып тұрамыз. Өйткені мамам екеуіміз негізінде бір-бірімізді алдаймыз, мен оған айтамын, мен сен үшін бара жатырмын деп, ол айтады мен сен үшін бара жатырмын, маған демалыс керек емес, маған да керек емес деп бірақ екеуіміз барсақ екеуіміз де бақыттымыз.
Әли Оқапов, әнші:
- Зейін әжесінен бөлек тұрады, қаншалықты жанына барып тұрады?
- Күніне үш рет кем дегенде. Өйткені біз көрші тұрамыз...
- Бірге тұра салуға болмай ма?
- Жоқ бірге емес, біздің пәтерлеріміз бір тұрғын үйде, яғни ЖК-да. Жақын келесі подъезде ғой. Сондықтан әжесі міндетті түрде таңертең бір келеді, содан кейін түстен кейін бір келеді, кешкісін суға түсіреді. Өсіп кеткеннен кейін әжесінің үйінде тұра беретін сияқты ол бала. Өйткені шынымен де олар екеулерінің байланыстары ерекше.