Әли Оқапов, әнші:
- Енді үйдің еркесі әрине Зейін. Ол – біздің патшамыз, оның орны бөлек. Шынымен, біздің кіп-кішкентай біздің бастығымыз.
- Әлеуметтік желіге де жиі жүктеп жүрсіздер. Көз тиіп кетеді деп қорықпайсыздар ма?
Әли Оқапов, әнші:
- Ондай қорқыныш болған. Бірақ мен шыны керек мен ондай қатты ырымшыл адам емеспін. Мәди де кішкентай кезінен бастап бірден объективтің алдында жүрген, мен де сондай болдым туылғаннан бері бүкіл Қазақстанға.
Сахнада жүргеніне 20 жылдан асса да, Оқапов суретке түскенді ұнатпайды. «Десе де, Зейіннің әрбір сәтін есте сақтау үшін жиі фотосессия ұйымдастыруға тура келеді» - дейді әнші.
Әли Оқапов, әнші:
- Мен негізі фотосессияларды мен ұнатпаймын ол менің жұмысым болса да. Ақерке жиі айтып есте қаларлықтай бір суреттер жасап алайық деп ол ұсыныс жасайды, мен жарайды деп келісемін.
Әже атағын еншілеткен Зейін дегенде Роза Рымбаева да бар шаруысын ысырып қоюға әзір. Күн-түн демей, немересінің бар жағдайын жасайды екен.
Әли Оқапов, әнші:
- Күніне 2-3 рет отчет сұрайды не істеп жатыр дейді. «Балам не істеп жатыр, Закони не істеп жатыр» - дейді. Әрі кетсе 5-10 минут шауып келеді. Бірге ойнайды, бірге жуындырады. Кей кездері басын жуу керек болса, тырнағын алу керек болса вообщем әженің барлық жұмыстарын атқарады.
Оқаповтың айтуынша, Зейін дүниеге келгелі өмірі 180 градусқа өзгерген.
Әли Оқапов, әнші:
- Бала кішкентай болған соң кей кездерде тісі шығады, кей кездері іші ауырады. Ұйықтамаймыз, сақ боп кішкене бірдеңе жыбырлап кетсе де атып тұрамыз, оған енді оны жұбату керек дегендей, тамағын беру керек.
Биыл әке бақытын сезінгендер қатарында ИК-лық Азамат Маркленов те бар. 21 ақпан күні оның тұңғышы дүниеге келген еді. Ал, Айсәуле Бақытбек жаз мезгілінде екінші рет ана атанып, бүлдіршінге «Сәтті» деген ерекше есім қойды. Baby boom-ды Сабиркин жалғастырды. Блогер 8 - қазан күні «Қош келдің, Алмасұлы» деген жазба жариялап, сүйінші сұрады.
«Бауы берік болсын» деген тілек Райм мен Ерке Есмахан да айтылды. Еске салсақ, қос ғашық 23 қараша күні ұлды болып, сәбиге Ислам есімін берді. Ізін ала, 28 қарашада Айжан Байзақова да қамшыұстарын бауырына басты.