«2023 жылдың лакшери тойы» атты премия болса, оны сөзсіз Жека жеңіп алар еді. Себебі, блогер салтанатты кешке әртүрлі қойылымдар әзірлеп, ерекшеленді. Мәселен, қос ғашық әуезді әннің сүйемелдеуімен кемемен ортаға шықты. Одан соң, беташарда ыдыс орнына, сандық қойылған болатын.
- Жека, қалың қалай? Үйленген қалай екен? Алдымен құттықтаймыз!
Zheka Fatbellу, блогер:
– Рақмет! Аллаға шүкір бәрі жақсы. Все классно.
-Сенің адамың екенін қалай түсіндің?
– Кәдімгідей түсіндім. Құдайға жалындым. Құдай маған жауабын айтты ғой, болды.
Заңғар Нұртас та Жекадан қалыс қалмайды. Шымкенттік сәнбикені жар еткен сері 300 адамға арнап той жасады. Салтанатты кеште құнды сыйлықтар ойнатып, Шымкенттен арнайы аспаздар алдыртқан.
Заңғар Нұртас, әнші:
– Той жақсы өтті. 300 адам шақырдық. Шамамен 350 адам болды деп ойлаймын.
-– Индира, келіндік өмір қалай екен? Не айтасыз?
Индира Мәуленова, З. Нұртастың келіншегі:
– Керемет. Бәрі жақсы.
-Үйреніп жатырсыз ба?
-Иә.
Ақ жаулықты атанған сұлулардың қатарында Еңлік те бар. Сылқым сахнаны шымылдыққа ауыстырып, рэперліктен келіндікке қадам басқаннын алғашқы болып біздің арнаға айтқан еді.
Yenlik, рэпер:
- Негізі жұбайыммен мені продюсерім таныстырған, Нұржан. Сосын олар қосылып «Бипл»-дың клипін түсіріп берген болатын маған. Содан кейін таныстық.
Ал, осы жылдың ең бақытты қалыңдығы – Мерей Әбілова.
– Димаш наурызда сөз салды. Сәуірде некелеріңді қидыңдар. Бірақ оны қыркүйекте ғана оны жарияладыңдар иә?
Мерей Әбілова, блогер:
– Сол тойға аз қалғанда жариялайық деп ойладым. Өйткені енді... Елдің алдында жүргендіктен сөз болмасын деп. Менің тойым енді осы ноябрьде ғой. Сондықтан арасы ұзақ болып кететін еді жүре берсем.
Жуырда тағы бір бойдақ ұлан-асыр тойын өткізбек. Ол - Марғұлан Әден 2024 жылдың ақпан айында үйлену салтанаты өтпек. Марго да Revue news-ке экслюзивті сұхбат берген болатын.
– Жансаяны жаныңда жүрген кезде көретінбіз. Бірақ қызың екенін білмеппіз. Қалай жасырып жүрдің?
Марғұлан Әден, блогер:
-Просто айтқан жоқпын. Инстаграм ешқайда салмайтынмын. Не істеймін салып мысалы? Ертең дұрыс емес бірнәрсе болып қалса тағы да, осындай қызы бар еді ғой деп ешкім айтпасын деп. Просто бәрі дұрыс болса, вот осы дейтін не ғой.
Akha мен Аишканың үйлену тойы да көпті тәнті етті. Себебі, жас жұбайлар бір емес, үш бірдей думан ұйымдастырған еді.
Akha, музыкант:
- Егерде екі адам үйленсе иманы бір болады деген секілді. Сол сияқты бір иман, бір күш пайда болды. Қазір өте үлкен жауапукершілік, кәдімгі мойнымда тағы бір адам бар.
Өз теңін тауып, бағы жанғандар мұнымен бітпейді. Экс-Keshyou-лық Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева да ақ босаға аттады. Тұрмыс құрғанын жасырын ұстаған сылқымдар қатарында Гүлназ Жоланова да бар. Еске салсақ, актриса беделді кәсіпкердің ұлымен отау құрған болатын. Ал, жылдың ең үздік келіні Ерке Есмахан болды. «Алматыда жоқ, Астанада жоқ» деп жүрегінің жартысын іздеген ару Оралдан өз бақытын тауып, әнші Райммен шаңырақ көтерді.