«Қазақстан аруы-2023». Көрермен байқаудың әділдігіне неге күмәнданды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Бүгін – «Қазақстан аруы-2023» байқауының соңғы сағаттары! 17 мың сұлудың арасынан іріктелген 25-бойжеткеннің тағдыры шешілетін күн! Себебі, дәл қазір финал басталады. Кімнің жұлдызы жанады? Қай ару арман болған тәжді киеді? Бірге білетін боламыз.

- Бүгінгі кешке қыздардан да асып түсетін образ дайындап келіпсіз, иә?

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:

- Бүгінгі тақырып «Қазақстан аруы» 23 жылғы, биылғы жыл табиғатты аялау, табиғатты қорғау, экологияны қорғау мақсатында біздің қыздар неше түрлі образда, өсімдік, су, жел, көптеген табиғаттың аясына байланысты экологияға байланысты образдармен шығады, ал мен олардың жылуы күн боп шығамын.

Биыл «Болашақты қорғау» тақырыбы сайысқа арқау болған еді. Сәйкесінше, алғашқы кезеңде 25 ару жасыл түсті көйлектермен, раушан гүлдерінен жасалған тәж киіп, тематиканы барынша әсерлі жеткізуге тырысты.

Қазақстанды әлемдік сахнада таныстыратын сылқымды - Айдай Исаева, Мадина Сәдуақасова, Жәния Джуринская, 2022 жылы ұлттық сұлулық сайыстың тәжін таққан - Томирис Какимова, Қырғызстандық сәнгер Арзубек Вонама және актер Еркебұлан Тоқтар таңдады. Арнайы шақыртумен – АҚШ-тық модель – Анджела Пересыпкина да әділқазылар қатарында отырды.

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:

-Түр келбеті, әрине, бірінші орында. Одан кейін мынау ішкі сезімі, ішкі сезімді қалай білуге болады деп, жоқ мен оны репитицияға қатысқанда білдім, өзі 25-ақ қыз, оларды жаттап алмау мүмкін емес.

Жәния Джуринская, актриса:

- Қатысушылардың барлығы дерлік әдемі. Қазір олардың сахнада өзін ұстау әдебіне, харизмасына қарап, бағалайтын боламыз.

- Бүгін қандай шоу күтесіз?

Дана Есеева, блогер:

- Жаңа ғана қыздарды көрдім конкурсанткаларды, өте әдемі, шіркін масқара бәрі әдемі ғой.

Финалда 25 қыз өнер көрсетті. 1 жыл бойғы еңбектері ақталатын күн де келіп жетті. Бірінші кезеңде байқау қатысушыларының барлығы сахнаға шықса, екінші этапта 12 бойжеткен іріктелді.

Әділқазылар байқау шартына сәйкес финалистердің параметрлеріне ерекше мән берді. Ереже бойынша ұлттық сұлулық сайысында 18 бен 25 жастағы, тұрмыс құрмаған, бойы 165 см-ден асатын бойжеткендер бақ сынай алады.

Бұдан соң, әділқазылар ең үздік 5 бойжеткенді таңдады. Арулардың есімін атайтын сәтте қыздардың жүрек соғысы жиілей түскені сөзсіз. Шешімге сәйкес, Мадина Әлмұханова «Ғалам аруы», ал Аяулым Әлімхалиева «Жер аруы» байқауына аттанса, Аделина Балғымбаева «Көрермен көзайымы» болды. Ал, 17 жастағы Қызылордалық Ботагөз Нұржігітова «Қазақстан аруы вице миссі» атағына лайық деп танылды.

Мадина Әлмұханова, «Ғалам аруы-2023» жолдамасының иегері

- Мен кез келген мақсатқа өзім жетіп келемін. Белгілі бір жүйеге бағынып, көп еңбектенемін. Байқау әділ өткеніне күмәнім жоқ, Қазақстан аруы үшін өте қуаныштымын.

21 жастағы балерина, алматылық Сабина Идрисованың бағы жанып, «Қазақстан аруы-2023» тәжін тақты.

- Дәл қазір менің жанымда Қазақстан ару 2023 байқауының жеңімпазы тұр. Алғашқы сезіміңізді бөлісіңізші, қуанып тұрған шығарсыз жүрегіңіз дүрсілдеп?

Сабина Идрисова, «Қазақстан аруы-2023»

- - Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Таңғалып тұрмын. Сайыста жеңемін деп ойламадым.

Сабина Идрисованың ендігі міндеті - «Әлем аруы» байқауына тынбай дайындалу. «Жеңімпазға берілген 5 миллион теңге сыйақының жартысын ата-анама, ал қалғанын алдағы сайысқа жұмсаймын» - дейді. Сабинаның иығынан бір ауыр жүк түссе де, оны әлі талай сынақтар күтіп тұрғаны анық.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Әділқазылар ретінде басында қатты қиналдық, қалай өткіземіз деп. Бірақ енді үздік бестік мінекей алдарыңызда қазір. Ең үздік жеңімпаздар да алдарыңызда. Өте әділ өтті, біз кәдімгідей үлкен пікірталасқа түстік барлығымыз.

 Айдана Шалқар, @aiudna

- Ұлттық сұлулық сайысы биыл расымен де тартысты болды. Әр ару тәж тағуға лайық еді. Бірақ, бағы жанғандар санаулы. Бәсеке мен әдемілік үйлесім тапқан нағыз шоуды, 22-желтоқсан күні сағат 18:30-да НТК арнасынан толықтай көре аласыз! Қызық боларына уәде берем!