Айдана Шалқар, @aiudna
- Қатаң диета. Спортзал. Подиум. Иә, бұл - «Қазақстан аруы-2023» байқауының қатысушыларына өте таныс сөздер. Сылқымдар күлкісіз күндер мен ұйқысыз түндерді бастан өткеріп жатыр. Ал, бүгін – олардың финалға соңғы дайындығын көретін боламыз.
- Қызу дайындықты көріп жатырмыз. Тосынсыйлар көп болатын сияқты, иә?
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- Негізі біздің тақырып - табиғатты қорғау. Защита будущее дейді. Керемет тақырыппен нағыз бізге керек пайдасымен біз өте керемет шоу өткізейін деп жатырмыз.
- Ал, әділқазылардың қатарында кімдер болады?
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- Әділқазылар алқасында былтырдан бастап енді өзім қолға алғаннан кейін әрине өзім біріншіден, одан кейін Жания Джуринская, Еркебұлан Тоқтар, Томирис Хакимова былтырғы Қазақстан аруы болған қыз 2022-де, одан кейін барып Анджела шетелдік мировой модель.
Финал 4 кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші этапта 25 қыз өнер көрсетсе, үшінші бөлімде ең үздік 12 ару іріктеледі. Сұлулық тәжін тағатын сылқымға бірнеше тосынсыйлар да бар.
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- 5 топ шыққанда арасынан финалда, бесеудің арасынан күшті-күшті номинациялар, яғни шетелдік аренаға, мировой аренаға жолдама береміз және басқа да номинациялар бар.
Байқауға қатысушы қыздар Қазақстанда ғана емес, халықаралық сән сахнасында бақ сынағысы келеді. Сондықтан да олар дене жарақаттарына да қарамастан жаттығып жатыр.
- Тәжді жеңіп алсаңыз, ең алдымен не істейтін едіңіз? Қуанышыңызды ең алдымен кіммен бөлісесіз? Ата-анаңызбен шығар?
Диана Ербосын, «Қазақстан аруы-2023» байқауының қатысушысы:
- Әрине, ата-анаммен, ата-анамнан алыста болғандықтан, 2 аптадай, өте қатты сағыныш пайда болды және Құдай қаласа ертең ата-анам келеді. Біріншіден, солармен бөлісемін жеңісімді.
- Өзіңіз қай кезеңнен қорқасыз, уайымдайсыз?
Аяжан Жұмагереева, «Қазақстан аруы-2023» байқауының қатысушысы:
- Бізде жеке визитка деген бөлім бар. Осыған кішкене қобалжимын. Бұл жерде әр ару өзін көрсету үшін неше түрлі дефиле көрсетеді, позаларға тұрады.
Бұрымдылар бір-бірінен асып түсу үшін әртүрлі қимылдарды әзірлеп жатыр. Дайындықтарын бізге де көрсетті.
- Дефиледе ең маңыздысы не?
- Қызға арқаны түзу ұстау керек, сонымен қатар иықты сәл артқа жіберу керек те, бір сызықтың бойымен жүрген дұрыс және де қыз балаға, дефиледе жүрген адамға жерге қарауға болмайды.
- Қазір маған көрсетіңізші.
- Жүріп көрейік.
Шешуші кезең қатысушыларды ғана емес, әділқазыларды да сары уайымға салып қойды. Байқау президенті Айдай Исаева қыздарға ақыл-кеңесін айтып, олардың ішкі жай-күйін үнемі алаңдайды екен.
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:
- Репитицияның арасында көріп қатысамын. Көп байқаймын, өйткені, кәдімгі тірі көргеннен бетпе-бет, жүзбе-жүз өмірде қалай екенін мен бақылап отырамын, әділқазылар да арасында келіп тұрады.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Көріп тұрғандарыңыздай, бойжеткендер сұлулық тәжі үшін тынбай дайындалып жатыр. Тіпті олар ұйқының не екенін ұмытты. Жеңімпазды анықтайтын күн де алыс емес. Әділқазылар қай сылқымды бұл атаққа лайық санайды? Финал көрсетеді.