Баян Алагөзова неге қартаймайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukonva

– Баян Алагөзова - жалмауыз кемпір, Рамазан Амантай - эльф, ал Бақтияр Қожа – нағыз аяз ата! Бұл менің қиялым емес, су жаңа комедиядағы жұлдыздардың образдары. Кинонарыққа алғаш рет ертегі қосылды. Сиқыр әлеміне бірге енейік!

«Аяз аға» - Қазақстандық кино өндіріске қосылған тұңғыш жаңа жылдық фэнтези! Картинада – қазақи калорит көзге оттай басылады. Мәселен, эльф оюлы камзол кисе, ақшақар – шашбау тағады. Ал, мыстан – сәукелемен жүреді. Ұсқынсыз жалмауыз кемпірге көз үйреткен көрерменге, сұлу – Баян Мақсатқызын қабылдау алғашында қиын болары анық. Бұл образдарды – Құралай Нұрқаділова жасаған.

Баян Алагөзова, актриса, продюсер:

- Мен айттым неге мен жалмауыз кемпір именно неге мен. Маған айтты жалмауыз кемпір кемпір болмайды, әп-әдемі, қылықты әйел болады деп. Образ жағынан сізбен жұмыс істейтін Құралай Нұрқадилова. Сол атты естіп мен сразу нәтижесін қойдым. Мен түсемін жалмауыз кемпір болып.

- Баян ханым, сізде мәңгілік жастық элексирі бар сияқты. Бір құпияыңызбен бөлісіңізші. Себебі сіз 9-қаңтар 50 жасқа толасыз.

- Құдай қаласа 9-қаңтар 50 жасқа толамын. Ешқандай құпия жоқ. Менің басымда 25 жыл. Всегда.

Баян Алагөзова, актриса, продюсер:

- Фэнтези жанры бізде жоқтың қасы қалай ойлайсыз бізде бұл жанр көрерменге өте ме ?

- Мен ойлаймын өтеді. Сол жанр ол қымбат қой. Біздер енді білеміз бірақ бірінші рет көреміз енді неге жоқ ?

Рамазан Амантай, актер:

- Сәлем эльф! Құлағың қайда?)

- Ол грим өте қиын, 1,5 сағат жасайтын. Сол үшін бүгін жасатуға еріндім десең. Сол құлақтағы бұйра бұйра шашпен, жалпы шашпен жүрген бір бақыт қой десең.

- Рамазан біресе эльфсің, біресе шеф-поворсың, біресе банк қызметкерісің, өз-өзіңді таппай жүрсің бе?

- Іздеп жүрмін иә. Әлі де көп образдардан көресіздер деп ойлаймын. Осы жылы енді рекорд жасаған сияқтымын 12 премьера. Саны бар сапасы жоқ деген әңгімеге қалып қойғым келмейді. Барынша сапалы дүниеге түсуге, жасауға тырысып жүрмін.

Әсел Сағатова, актриса:

- Фильмге түсуіңізге супер каст әсер етті ме, әлде сценарий ұнады ма, не болмаса қомақты гонорар төленді ме?

- Маған сценарий ұнады. Оған қоса, біздің кинонарыққа ерекше жанр. Жаңашылдық сезілді маған.

- Ұлыңыз бен қызыңыз Аяз атаға сене ме?

- Хотя аяз атаға хат жазады. Но знает кто выполняет эти пожеления. Самое дорогое что доча попрасила это iPad.

Адина Бажан, актриса:

- Дәл қазір менің жанымда, ақшақар тұр.

- Фантастикалық фильмде ойнау қиын екен. Себебі сен ол жерде қиялдан туған кейіпкерсің. Жан дүниеңде ерекшелік сезілуі тиіс.

Бақтияр Қожа, актер:

- Нағыз аяз атасыз?

- Мәселе бізде емес екен, мәселе ақша қарда емес екен. Адамдар да, қандай адамдарда? Сенбейтін, балалықты жоғалтқан, балалық сезімді жоғалтқан үлкендерде екен. Бұл фильм осы мәселені үлкен қып ашады осыны.

- Эльф егер қалауыңызды орындаймын десе, қандай ең үлкен арманыңызды айтар едіңіз?

- Менің арманым – ел аман жұрт тыныш болсын деймін.

Рамазан Амантай, актер:

Ешқандай пафоссыз айта берейін иә? Әлемдегі ең бай адам болайыншы деп айтар едім.

Адина Бажан, актриса:

- Миллион долларов. Я мечтала стать певицей в детстве я помню.

Әсел Сағатова, актриса:

- Мир во всем мире.

Жан Байжанбаев, актер:

- Бұл – қымбат жанр. Себебі компьютерлік графика қолданылады. Фильмнен мейірімділік сезе алдым.

Әйгерім Жүнісова, актриса:

- Фильм шынымен өте керемет. Шынымен Қазақстанда бірінші ертегі.Өте жоғары деңгейде түсірілген.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukonva

- Неге аяз ата емес, аяз аға? Бұл сұрақтың жауабын 14-ші желтоқсаннан бастап үлкен экрандардан біле аласыздар. Киноға келіп, жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күйге бөленіп алыңыз!