Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
Ауғанстаннан Қазақстанға ірі көлемде есірткі тасымалданады. Мұны тоқтату үшін арнайы топ құрылды. Бірақ жас барлаушыларға сенім жоқ. Іске кәнігі кәсібилер кірісті.
Ірі есірткі тасымалдаушыларға қарсы “Афган” лентасында басты рөлді ойнайтын - Еркебұлан Тоқтар. Еркебұлан Ауған жеріне арнайы барып 15 күн болған.
- Ауғаныстан астанасы Кабулда түсірілімде болдың. Білесің, ол мемлекеттің кейбір аймақтарында әлі соғыс жүріп жатыр. Қорқыныш болмады ма?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Қорқыныш болады әрине. Ол жақта біз местный емеспіз. Бізді ешкім қорғамайды. Сол жақта болдым. Ары қарай Лос-Анджелске кеттім. Қазақстанға келген кезде мен “Уф” дедім. Өйткені бәрібір өзіңнің елің, өзіңнің жерің болғаннан кейін ешкімнен қорықпай жүруге болады. Ол жақта қорқыныш болды. Түнде жарылыстар естиміз. Басында салют деп ойлайтынмын мен оны.
- “Афган” фильмінде жас барлаушыны ойнайсың. Бұл мамандықты зерттеп, іздендің ба?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Өте қатты іздендім. Бір жыл болды дайындалғаныма осы киноға. Бірақ ұсыныс бір ай бұрын түсті. Зерттейсің ғой енді. Көп адамдар айтады: ойбай зерттедім деп. Ол бір қатты оқитын профессия емес. Киімін киесің, форманы киесің уже сен басқаша қимылдай алмайсың. Уже барлаушы сияқты қимылдайсың. Барлаушы сияқты сөйлейсің.
Ауғаныстанға картинаның идея авторы әрі сценарисі - Бұхар Марат та барған. Кабулдағы екі апта оңайға соқпады,-дейді Бұхар.
- Тамақтан қиналдым деп жатырсыздар. Судан. Тағы қандай қиындықтар болды?
Бұхар Марат, автор, сценарист:
- 3-4 секундтық жер сілкінісі болды. Кейін естідік. Сол жақтағы адамдар айтты. 4-8 баллдық жер сілкінісі болыпты негізі. - 5 жарымның кезі. Кейін жұмысқа барып сөйлесіп жатсақ, біздікілерден ешкім оны серьезно қабылдамаған екен. Гостиницадағы персоналдар, сол жерде тұрып жатқан адамдар бәрі сыртқа атып-атып шығыпты да, именно біздікілер іште жатып алған екен.
Басты рөлдердің бірінде - Қайрат Әділгерей де бар. Бұл жолы үйреншікті комедиядан алшақтадым. Кейіпкерімнің картинада айтар ойы бар. Жастарға нашаға жоламаңдар деген азаматтық позициямды айтқым келеді,-дейді актер.
- Аға, енді сіз бұл фильмде ірі наркобаронды ойнайсыз.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Рома деген наркобарон. Бұл өте өзекті тақырып. Мен осы жерде как раз так и сол теманы бір қалаға распростронять етіп отырған баронды ойнаймын.
- Комедиядағы наркобарон қалай болады екен? Сізді енді халық үнемі көңілді…
⁃ Менің линиямда ешқандай комедия жоқ. Бірақ общий кинода керек деталь болам.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
Ардагер және жас буын барлаушылары арасындағы кикілжің, Қазақстанға тоқсаусыз кіріп жатқан есірткі заттары. Шиеленісті оқиғаның тоқтамы қандай болмақ? Келер жылы үлкен экрандардан білеміз.