Дариға Бадықованың кинопродюсер ретінде ұсынған алғашқы толықметрі сәтті шыққандай. Тырнақалды фильмін таспалаған актриса, туындыға жұмсаған қаражатын бір ғана аптада ақтап алды. Ендігі мақсат - бокс-офистан миллиард жинау.
Қомақты қаржыға кенелсе Бадықова, актерларға түскен пайдадан пайыз бөліп бере ме? Актриса роялти ұғымын ұстана ма? Өзінен сұрап көрдік.
Дариға Бадықова, актриса:
- Бізде енді ондай жоқ, бізде өре жетпейді оған әлі. Бірдеңе айтсам алып тастарсыз... Бізде әлі қайыршылықтың иісі кетпейді, солай айтатын едім. Қайыршылықтың исі әлі тұр бізде, әрине ол нәрсе, актер үшін де продюсер үшін де, режиссер үшін де үлкен жетістік. Сен қалай десең де.
Соңғы 6 жылда Дариға Бадықованың түсірілім алаңындағы партнері Назар Шархан дәл осы роялти ұғымы қолданысқа енгізсе екен дейді.
Назар Шархан, актер:
- Прокат сәтті шыққан кезде, актерларға бір гонорар төленуі тиіс бұл шетелдік схема, роялти деп жатыр ғой. Бізде мұндай жұмыс істей ма?
- Роялти төленсе, актердің өзінің қызығынушылығы артылады. Қарапайым актерларды қарайтын болсаң, қаражатқа мұқтаж, автобуспен, метромен жүретін актерлар бар, қарапайым столовкаларды тамақ ішіп жүргендер бар, көлігі жоқ, үйі жоқ актерлар өте көп. Біздің еліміз үшін бұл вызов та. Яғни киноға бөлінген қаржы тек қана продюсерлердің ғана арқасында айналып қалмай актерлар жұмыс істеп жатқан әрбір мүшесі жақсы табысқа ие болуы тиіс.
Былтыр өзінің алғашқы толықметрін таспалап кинопродюсерлер қатарын толықтырған Ақболат Өтебай батыстық схемамен жұмыс істеп көрмек. «Назар аудар» театрының мүшесі ол үшін жеке киностудия ашу қажет деп отыр.
Ақболат Өтебай, актер:
- Иә, актерларға жалпы өзінің келісім бойынша гонорарларына келістік. Одан кейінгі командамыз бар. Біз енді болашаққа да жоспарымыз бар. Мына фильм екінші фильмға кіріп жатырмыз. Болашақта да кеңейгіміз келеді. Киностудия болғымыз келеді.
Еске салсақ, Ақболат Өтебайдың «Маған назар аудар» комедиясы миллиард жинауға шақ қалған-ды. Десе де, картинаның табысынан актерлық құрамға бір де тиын бұйырмаған.
Мадина Оспан, актриса:
- Бір проценті де . Бізде енді ондай процентпен өйтіп жұмыс жасалмайды.
Кинонарықта батыстан енген роялти ұғымын біздің елімізде қолданып жүрген продюсер жалғыз. Ол - Қайрат Әділгерей. Актер өзі басшылық еткен «Хотя бы кинода - 2» фильміннен түскен пайданы командамен бөліскен.
Шерхан Пірназар, актер:
– Жалғыз единственный проект мен үшін енді осы «Хотя бы киноға» дейін енді көптеген деп айтпай-ақ қояйын. Біршама фильмдерде ойнадым ғой. Ал единственный продюсер болды, «Хотя бы киноның» продюсері касса жарды, миллиардтаған ақша жинады. Сол кезде өзінің рақметін берді. Мақұл рақметі 50 мың тг болсын, 100 мың теңге болсын, ол млн теңге болсын мысалы ол шын ниетімен осыған сен үлесіңді қосқаның үшін гонорарынан бөлек рақметін берді.