Әділ – прокурордың көмекшісі. Мансапта табысты, жанұясындағы жалғыз ұл. Ол да әкесі сынды әйелдерден беделіміз биік, абыройымыз асқақ деп есептейді. Үй шаруасындағы анасына да, сүйіктісіне де құрметі жоқ. Жұмыс барысында, әйелін аямай соққыға жыққан абьюзер шенеуніктің ұлының жазадан сытылып кетуіне көмектеседі. Дәл сол сәтті бәрі өзгереді.
Азиз Бейшеналиев, актер:
–Сценарий авторларының бірімін деп айта алмаймын. Бірақ, идея өзімдікі. Әйелім жазып жатқанда, бастан-аяқ процесске атсалыстым, ой қостым. Продюсерлер тобындамын. «Қызболсын» деген кейіпкердің есімін ойлап тапқан да өзім. Бұл үйреншікті комедия емес, әлеуметтік сатира, мысқыл.
Фильмнің басты ерекшелігі – телепортация! Яғни, бір сәтте патриархалдық қоғам нәзік жандылар үстемдік ететін кезеңге ауысып кетеді. Азиз Бишеналиев бас кейіпкерлер арқылы ең ауқымды әрі маңызды мәселені қозғаған.
Жасұлан Әйтенов, актер:
- Бұл жерде көп әйелдің тұрмыс тіршілігіндегі қиналып жүрген кезіндегі, айта алмай жүрген өте ауыр өздерінің іштеріндегі жан айқайын жеткізетін фильм деп білемін. Еркектердің тарапынан «абьюзер» болып кеткен еркектер бар, соларға осы фильм арқылы көп нәрсені жеткізуге болады деп ойлаймын.
Еламан Есентаев, актер:
- Осы киноның мақсаты - жалпы әйел адамдарды сыйлау. Олардың деңгейін қатты түсірмеу, қазір бізде көп қой әйел адамдар слабый пол деп ұрып жататын еркектер бар неше түрлі қатты ауыр сөздер айтатындар бар бірақ олардың ішкі жан дүниесін түсінбей олар не кешіп жүргенін білмей соларға арналған деп ойлаймын.
- Түсірілім алаңындағы атмосфера бөлек. Актерлар арасынан ерекше коннект байқалады. Мәселен, Жасұлан Әйтен әзілі жарасқан «Миллион»-дық Мансар Орынханды тықырға таяды.
Жасұлан Әйтенов, актер:
Біздің фильмде тағы бір актер – Мансар Орынхан.
Мансар Орынхан, «Миллион» құрамасының мүшесі:
- Мансар қандай түс көріп жатырсыз?
- Мен ба керемет түс көріп жатыр.
- Бұл фильмдегі өзіңіздің кейіпкеріңіз жайлы, команда жайлы айтып өтсеңіз?
- Команда өте керемет.
- Көбісі айтып жатыр, абьюзерлік жағыңыз өмірде де сол кейіпте ойнап жүрді деп сезіп жүрміз?
- Біріншіден мен абьюзер дегенді түсінбеймін. Менде басында әйеліме қаталдық болған, кейін 1-2 жылдан кейін түзеліп бәрі жақсы қазір шүкір.
Қазақ «қатын бастаған көш оңбас» дейді. Бірақ, бұл ұғымның ескіргеніне дәлел көп. Билік пен бизнестегі бикештердің ісі өнімді, тірлігі тындырымды. Бұған қатысты «Менің атым - Қызболсын» картинасының актерлары не ойлайды?
Жасұлан Әйтенов, актер:
- Еркегіне бағынған әйел ол отбасының ұйытқысы болады, шаңырағының шайқалмауына себепкер болады. Еркегін сыйлаған әйел әрдайым өзінің биіктігін ұстап тұрады. Сол ойда тоқталамын.
Еламан Есентаев, актер:
- Әйел адамдар еркектерден бір саты төмен тұруы керек менің өмірлік ұстанымым, бірақ оларды сыйлауды еркектер ұмытпау керек. Билікте отыру дегенді оны қолдамайтын сияқтымын.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса, әнші:
- Мен үшін бірінші ер адамның сөзі маңыздырақ, ер адамнан кейін сөйлеуге тырысамын үйде ағаларым болсын, көкем болсын, бірінші сол кісілермен ақылдасып барып жұмыс жасауға тырысамын. Болашақ қалай айтсам екен, күйеуім дейінші, Болашақ күйеуім де мысалыға, болашақ күйеуім қандай өзім де солай өзгеремін ғой.
Ал, «Менің атым - Қызболсын» немесе «Матриархат» комедиясы, жоба авторларының айтуынша, келер жылы көктемде үлкен экрандарға шығады.