Айдана Шалқар, @aiudna
-Салтанат Серкебаеваның қас-жауы – енесі! Сылқым үйде де, түзде де бастық болғысы келеді. Ал, қыңыр қайын ене келінінің ығына жығыла қоя ма? Бұл - «Сен Боссың» картинасының сюжеті. Бүгін премьерадамыз.
-Фильмде қатал қайын ененің рөліндесіз, образға ену қиын болды ма әлде өмірде де сондай қаталдық бар ма бойыңызда?
Лаура Мырзахметова, актриса:
- Өзімде де қаталдық бар негізі. Ондай қатты қиналған жоқпын. Мені қатты қинаған нәрсе ене болу. Мен әлі ене боп көрген кісі болмағандықтан ене болу қалай болады екен деп көп ізденісте болдым.
- Ал өмірде қандай ене боламын деп ойлайсыз?
- Келіннің жағында болатын шығармын.
Лаура Мырзахметованың экрандағы ұлын Еламан Есентаев сомдаған. Бұл жолы - анасының да, әйелінің де көңіліне қаяу түсіргісі келмейтін аспаз жігіттің рөлі бұйырыпты.
Еламан Есентаев, актер:
- Олжас деген жігіт, өте сондай спокойный, ақкөңіл, екі оттың арасында қалып қойған жігіт десем қателеспеймін.
«Ене мен келін» - Еламанға таныс тақырып. Себебі, актер жарты жыл бұрын Түркияда сүйіктісіне сөз салған еді. Жақында шаңырақ көтереді. Есентаев таңдаған ару анасының да көңілінен шыққан.
Еламан Есентаев, актер:
- Мә күшті қыз екен, давай үйлен тездетіп деп мамам асықтырып жүр.
- Келін негізі қайын ененің топырағынан дейді. Анаңызға ұқсайтын шығар енді?
- Иә негізі ұқсайды. На подьем легкий дейді ғой. Өзімнің мамам сияқты.
Ал, Еламанның картинадағы сүйіктісі – Салтанат Серкебаева. Екеуі жұп бола тұра, араларындағы сезімді көрсете алмай біраз қиналған. Себебі, алғашында Есентаевтың орнына өзге актер бекітілген.
Салтанат Серкебаева, актриса:
- Самолетпен мінейін деп жатқан кезде басты кейіпкер ауысты деп айтады да и мен сол кезде біртүрлі боп қалдым, в смысле ауысады кім деген сияқты. Сол кезде мен басында үйрене алмай жүрдім.
-Қазір жақсы, иә?
- Осындай праздниктерде ғана көрісіп тұрамыз. А так араласпаймыз, қызы бар оның, менің жігітім бар. Не деп араласамыз деп па.
- Демек сіз өзіңіздің сүйіктіңізді жолықтырдыңыз иә?
- Иә.
- Бақыттысыз ба?
- Бақыттымын.
- Той қашан?
- Білмеймін, шақырамын сіздерді, келесіздер ма? Басқа қалада болса келесіздер ма?
- Келеміз шақырсаңыз.
- Басқа елде болса келесіздер ма? Деп па
- Басқа елде болуы мүмкін ба сонда?
-Мүмкін, бәрі мүмкін.
«Сен Боссың» картинасында Медет Жаңабай мен Сымбат Қасымова екінші пландағы әртістер.
Медет Жаңабай, блогер, актер:
- Мен үлкен бір компанияда жұмыс жасайтын сол жердегі менеджермін ғой. Өтірік бір нәрселерді ойластырып алып, арманадап, қиялдап, ақкөңіл, бәр нәрсеге сеніп қала салатын сондай образда.
Сымбат Қасымова, блогер, актриса:
- Менде Орынкүл деген кейіпкерді сомдаймын. 30-дан асып кеткен , жасы отырып қалған, тұрмысқа шығу ең басты цель болған қызды сомдаймын.
- Жаңа айтып жатырсыз, екі оттың ортасында қалған жігіт деп. Өмірде осындай жағдай босла, кімге жақтасатын едіңіз?
Еламан Есентаев, актер:
- Енді көресің ғой, ақырындап сұрап, кімдікі дұрыс емес, кімдікі дұрыс.
Медет Жаңабай, блогер, актер:
- Әрине, анамды жақтаймын.
- Мысалы мына фильмді мен түсірсем, осылай түсіретін едім деген сияқты ой болды ма?
Асқар Оразбаев, блогер:
- Жоқ, мен түсіретін едім, сосын Медетті таңдаудан қателеспепті. Мен өмірде олай күлмеймін, бірақ кинода өте қатты күлдім.
Ақболат Өтебаев, актер, кинопродюсер:
- Негізі мен бұл фильмге шақырылған болатынмын түсуге, бірақ сәті тумады. Керемет фильм екен, түспегеніме өкініп кетіп бара жатырмын.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Ене мен келін дауы – таусылмайтын тақырып. Осы сынды комедияларды тізбектер болсақ, санынан жаңыларымыз анық. Сен BOSSсың көптің ішінен даралана ала ма? Уақыт көрсетеді.