Жүрегі жаралы - Ромео! Қобыланды Болат кімге ғашық?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Не болды саған жынды көбелек? Соңғы кезде жарыққа көп ұмтылдың? Әлде арманың Марсқа кету ме? Мен не айтып жатыр дейсіз бе? Музыкант Қобыланды Болаттың хиттарын тізбектеп бердім. Малдив аралдарынан тікелей Алматыға ұшып келген әртістің бүгін жеке ән кеші!

Қобыланды Болат, әнші, актер:

- Мальдив аралдарына барып, демалып қап-қара болып еще үстімізге қара кастюм киіп алдық.

- Демалыстан шабыттанып келген шығарсыз ?

- Отбасыммен демалғаннан кейін кішкене шабыттың бәрін шетке ысырып қойдық тағы да, өзіміз бен өзіміз болып, бала-шағамды алып демалып қайттым. Енді шабыт жол жөнекей кездесер. Кездесерміз бір жерде.

- Бұған дейін қателеспесем Шымкентте концерт бердіңіз. Астанада беріп жүрсіз. Қай жақта тыңдарманыңыз көп екен ?

- Алматыда көп, Астанада көп. Шымкентте баршылық. Бірақ көп сұраныс жасап жатқан біздің Батыс Қазақстан облысы.

Қобыланды Болат, әнші, актер:

- Сіздің әндеріңізді тыңдаған кезде жаралы Ромеоны көремін, өзіңіздің махаббатта жолыңыз болды ма?

- Махабатта ма.... Махаббата, махаббатта жолым болды. Өте жолым болған азаматпын. Бірақ сол оборотная сторонасы болсын деп контраст болсын деп сондай бір, жаралы жүрек болып, сондай әндер жазылып жатыр. Білмеймін енді оған былай арнайы жаңағы бүйтіп мақсатты түрде жазып жатқан жоқпын. Сондай бір лирикалар шығады іштен.

Қобыланды Болат, әнші, актер:

- Алғашқы махаббатыңызбен бас қосқан санаулылардың бірісіз, себебі әйеліңізбен 5 сыныптан бірге екенсіз. Сол кезде лаулаған махаббат, әлі лаулап тұр ма?

- Аллаға шүкір, кеше Мальдивтан келдік қой. \күледі\

- Ыстықтап па?

- Иә.

- Ал оны лаулату үшін не істеу керек?

- Оны лаулату үшін шынайы жақсы көру керек, шын болмысын жан-тәнін сүю керек, сыйлау керек. Түсіну керек, қолдау керек деп ойлаймын.

- Жұматай Жақыпбаевтың музасы – Ләйлә! Оны өзінің әйелі де біледі. Сізде бір сыртта Ләйләлар бар ма шабыт беріп жүрген?

- Менің музам – Лилия Кәденова... деп ше.. \күледі\.. қалжың, қалжыңдаймын құрсын қиып таста. Менің музам, менің музам жоқ. Мен музамды таппай жүрмін. Білмеймін, муза...

- Әлі таппадыңыз?

- Әлі таппай жүрмін.

Кобаның лайф-концертіне келгісі келген тыңдарман көп-ақ. Өкінішке орай, орын саны шектеулі болды.

Қобыланды Болат, әнші, актер:

- Үлкен ареналар қашан болады ?

- Оны бар ғой іште бәрі, ішімде құдай қаласа.

- Сыртқа шығарсаңызшы...

- Оны қазір ақылдасып жатырмыз. Жалпы жоспарын, қандай форматта өткізуге болады. Мүмкін концерт емес, саунд-спектакль жасасақ па. Бәрі мүмкін сол в процессе.

- Өте керемет идея сияқты, себебі өзгеше бұрын соңды болмаған. Ол идея кімге келді, неге жүзеге аспай жатыр ?

- Идея менікі ешкім алып қоймасын десең. Сондықтан көреміз енді әзірге бал ашпай-ақ қойсам. Бірақ ниет бар.