Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Дариға Бадықова, Олжас Абайға ғашық! Актриса Очоуға махаббатын ашып айта алмайды. Себебі жақын досы, әріптесі ғой. Ұят! Бірақ «Сезім үшін» танымал екеу не істеп жүр?
«Таптым-ау сені» фильмінің Алматыдағы жабық көрсетілімі Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың «Сезім үшін» әнінен басталды. Трек 1 айда ютуб хостингінде 12 миллионнан аса қаралым жинаған. Кештен туындының түпнұсқасын орындайтын – Ғазизхан Шекербекті де кезіктірдік.
– Сөзі де сіздікі ғой иә? Сезім үшін?
Ғазизхан Шекербеков, әнші, композитор:
– Міне, әнін жазған Талғат Тілес. Баурымыздікі. Көбісі мені авторы деп ойлайды. Мен орындаушымын.
– Дариға мен Олжас бұл әннің бағын жақты десек те болады ғой иә? Келісесіз бе?
– Келісем әрине. Көптеген халық, көрермен білмейтін еді. Соның барлығына жеткізген Очоу мен Дариға.
Дариға Бадықова: «Бұл киноны түсірудегі басты мақсат – қоғамның ақсап тұрған тұстарын, әзілмен, астарлап жеткізу және іштегі «Картина таспалау» деген бір арманымды орындау. Қаражатқа кенелу емес»,-дейді.
– Айтып жатырсыз, қаражат табу үшін емес, ақшаға кенелу үшін емес жан қалауым деп жатырсыз.
Дариға Бадықова, актриса:
– Менің диагнозым – өнермен ауыру. Маған сондай диагноз қойылған. Сол себептен мен бұл өнерден емделмеймін деп ойлаймын. Емі жоқ деп ойлаймын.
«Өнер үшін»,-деген Бадықованың бастамасына құрбылары қолдау көрсетіп демеуші болған.
Дариға Бадықова, актриса:
– Екі құрбым бұл фильмге қаражат салды. Ақша беріңдер дедім. Ақшаларыңды құрпаңдар дедім. Маған өнерге салыңдар дедім. Ол кісілердің орасан еңбегі бар. Себебі қазақ өнеріне ақша салды. Бала-шағасының алдынан қайтады деп ойлаймын міндетті түрде.
Бұты талтақ, қолы сынық «Жексен» персонажын, Олжас Абай әкесінің рухына арнағанын айтады. Одан бөлек, Олжас образ үшін талай эксперименттер жасаған.
– Кино үшін 7 келіге арықтағаныңды білеміз. Демек бұл фильмде «красавчик Очоу» болмайды ғой?
Олжас Абай, актер:
– Жоқ, красавик Очоу болмайды. Негізі кинода красавчик, красавчик емес, мына жерім дұрыс емес, түрім басқаша болып тұр ондай ойдан өзім аулақпын. Қандай режиссер образ тапсырды: ол ауылдың баласы болсын, басы тақырбас болсын, кім болсын халыққа сендіру үшін соны жасау керек.
Түсірілім кезінде Дариға Бадықова мотоциклды өзі жүргізген. Олжас: Дариғаның айдауынан өліп қаламын ба деп қорықтым»,-деп қалжыңдады. Очоу басқа да қызықтармен бөлісті.
– Дариғаны «Айсара» образынан сындыру үшін, амплуасынан шығару үшін үш-төрт күндей сындырдым дедіңіз.
Олжас Абай, актер:
– Мен өзім оған жұмыс жасадым десем артық айтпаймын. Өйткені мен өзім қаладым, Дариға давай мына жерінде енді Айсараны қайталасаң болмай қалады. Сен былайша айтқанда, өзіңдікін пихать ете бермей, арасында мені тыңдап тұр.
– Басында текетіресіп, сөзге келіп қалмадыңыздар ма?
-Екеуіміз күніне 20 рет келіп қаламыз ғой сөзге. Бірақ мақсаты бар адамға ондай нәрселер болады бәрібір де.
– Трейлерден байқап қалдық: «Сені мына мінезіңмен, бай алмайды»,-дейді бір апамыз. Олай өмірде көп айтады ғой негізі қыздарға. Сол дұрыс па?
Дариға Бадықова, актриса:
– Дұрыс емес. Сол нәрсені көреміз қазір. Әйел адамға полный жүк. Әйел адамның кислородын жабу. Өзінің бақыты үшін күресе алмауы. Вообще сіңлімсіз ғой сіз менің... Біреу сенің өміріңді сүріп бермейді. Өзің ғана сүресің бұл өмірді.
– Дәл қазір «Таптым-ау сені» толықметрінің жабық көрсетілімі бітті. Ұнады ма шыныңды айтшы? Күлдің ба?
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Ерекше стильде. Ауыл, қала. Бірақ ерекше стильде. Көптеген жігіттерге мотивация береді негізі. Ер мінезді болуға.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Дариға мен Очоу «Сезім үшін» қандай құрбандыққа барған? Бадықованың бастамасын көрермен қалай қабылдайды? Очоу актрисаның махаббатына жауап бере ме? Үлкен экрандардан біле аласыз!