Қазақстандық Шерлок Холмс! НТК арнасында тағы бір тың жоба!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Түнде атылған оқ» сериалына - Кемел Тоқаевтың зерттеулері мен повестері арқау болған. Еске салсақ, жазушы Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі.

Жамал Жақсытай, продюсер:

- Жобаның салмағы да, тақырыбы да ауыр. Бірақ та көрерменге бұрын-соңды қазақ телевизиясында болмаған детектив жанрын жаңа деңгейге көрсетуге командамызбен барынша тырыстық.

Қанды қылмыс ашық көрсетілетін телехикая - Рақым шопанның жансыз мүрдесі жапан даладан табылуынан басталады. Істі – майор Ділдәбеков, капитан Майлыбаев пен полковник Дайыров майшаммен қарауда. Тыңғылықты тергеу үш қызыл жағалының қолынан келе ме? Тергеушінің бірі - театр және кино актеры Ермек Шынболатов.

Ермек Шынболатов, актер:

- Бұл персонажға чин немесе карьерный лестница көтерілу, звания алу еш маңызды емес. Бұл жігіттің басты мақсаты – көмектесу.

Ең бірінші ол сюжетный повороттар жақсы, мысалыға бәріміз жақсы көретін детективтар «Шерлок Холмс» болсын, басқа да мысалы Агата Кристидің «Эркюль Пуаро»-сы болсын, бұл қазақтың Талғаты да прототип ретінде жаңағы Шерлоктарды алған.

Ермек Шынболатов Талғаттың тұла бойынан – сенімсіздік, өмірге өкпе көрдім дейді. Ішкі күресі – қазіргі өміріне де кедергі. Тіпті, тыңғылықты тергеу жүргізуге де комплекстері кері әсер етеді.

Ал, Ермектің сериалдағы сүйіктісін жас актриса Әйгерім Жүнісова сомдайды.

Әйгерім Жүнісова, актриса:

- Менің кейіпкерімнің аты - Сәуле, ол судмедэксперт болып істейді. Жұмысы өте қиын, оның мінезі тік мінезі ол өзі сондай шынайы қыз. Ешқашан өтірік айтпайды, бәрін как есть айтады. Ол Талғатты жақсы көреді, Талғат өзі кішкене тормоз болғандықтан бәрін өз қолына алып Талғатты өзіне қаратып алып, содан кейін оған адал жар болады.

Туындыда көрермен 50-60 жылдардағы кезеңге ену үшін үлкен еңбек жасалған. Ескі реквизиттерден арнайы декорация құрылып, раритет көліктер, бутофор қарулар қолданылған. Тарихи деректер ашық айтылып, оқиға боямасыз баяндалған.

Әлімбек Оразбеков, актер:

- Алғашқы детектив қазақтың деді ғой, сол 60-шы жылдардағы. Менің рөлімде ойнайтын рөлімде бір крутой повороттар бар екен да. Басында жәй бір қарапайым өзінің қызметіне берік азаматты ойнап жүріп, сөйтсем ол жауыз екен. Кейіннен ол ашылады екен. Осы жағынан маған мысалы қызық болды.

Детективті таспалау қос киногерге сеніп тапсырылған. Екі режиссердің жұмысын қадағалайтын - Олжас Нұрбай. Олжас – жобаның шоураннері.

Олжас Нұрбай, режиссер:

- Бұл жаңағы американдық жүйе, соны мен қолданып көріп жатырмын. Себебі жоба үлкен, бір режиссерға беру, қиындау болуы мүмкін. Режиссер шаршап қалуы мүмкін, сондықтан свежесть дейді ғой соны сақтау үшін біз екі режиссер таңдадық. Олардың бір-бірмен синхронизация болуы ол менің тікелей міндетім.

Шұғыла Сержан, режиссер:

- Бұл сериалда мен айтар едім: Өзін құтқару, өзін іздеу және өзімен күресу.

Олжас Нұрбай, режиссер:

- Біздің мақсатымыз – тек оқиғаларды көрсету емес, оқиғалар арқылы жеке бас трагедиясын көрсету.

Детектив 16 бөлімді. Шытырман оқиғалы сериалды 4 желтоқсаннан бастап, біздің эфирден соң күнделікті сағат 17:00-де аралығында НТК арнасынан тамашалай аласыз.