Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Музыкалық тректер қалай жазылады? Біз бүгін сол процестің нағыз вайбын көрсетеміз! Элизат Берікова сахнаға қайта оралмақ. Бүгін Ринат Гайсинның студиясында дауысын жазып жатыр.
Элизат Берікова, әнші:
- Үш ән жазылып қойды авторский. Қазір төртіншісі міне дуэт жазайын деп жатырмыз. Өзімнің ішімдегі айта алмай жүрген болады ғой бір айта алмай қалған сөздерді мен сол жерге түсірдім.
- Нені айта алмай жүрсің?
- Айтпаймын. Ән шыққан кезде білуге болады. Сен мені тастап кеттің, сен маған қарамай қойдың, Бірдеңе мен жүрегім ауырды, өлдім күйдім, сүйдім деп.
- Бұл Ринат Гайсиннің студиясы ғой, ортақ іс бар ма әлде қомақты қаржы төледің ба?
- Жоқ, менің продюсерім Ғалымбек Есембергенов, ол баяғыдан Ринат Гайсинмен жұмыс жасайды, сондықтан менде осы студияда жұмыс жасаймын.
Ғалымбек, Элизаттың музыкалық жетекшісі, ал әншінің бас продюсері- Руслан Әбдіқалиев! Еске салсақ Руслан, «Ұлытау» тобына директорлық етіп, AYREE -ды эстрада көшіне қосқан маман.
Элизат Берікова, әнші:
- Баян Алагөзовамен талай жыл жұмыс істедің. Ол кісі сенің ұстазың ғой, сол кісімен бір сөйлесіп, мүмкін жұмыс істейік деп ұсыныс тастаған жоқсың ба?
- Жоқ. Негізі барған жоқпын, бірақ бір күні алдынан өткім келеді барып.
Элизат Берікованың шығармашылықтан қол үзгеніне тура 5 жыл. Осы уақыт аралығында әншінің өмірінде талай өзгеріс орын алды.
Элизат Берікова, әнші:
- Тұрмысқа шықтың, актрисалықты да байқап көрдің, вижазист болдың, енді әншілікпен сахнаға қайта оралып жатырсың, яғни сахнаны қимадың ба?
- Әрине. Бәрін көрдім ғой. Енді өмір ғой енді. Тек қызық сондай этаптардан тұрады. Бірде құлайсың, бірде көтерілесің. Сондықтан енді бастамасы осы.
Элизатта – апгрейд. Әнші музыкалық бағытына ғана емес, сахналық имиджіне де өзгеріс енгізген.
Элизат Берікова, әнші:
- Стилім восточный стильде. Сондай арабский элементтері бар деген сияқты. Мысалы Дильназ Ахмадиева бар ғой, сол кісінің әндеріне кішкене ұқсайды.
- Сенің аудиторияң кім, концерттер, үлкен алаңдар бола ма? Әлде мүмкін той-томалақ?
- Менің аудиториям үлкен концерттер, open air сияқты, үлкен сахна. Тойда болса, былай да продюсерсіз-ақ, әндерді жазып тойға шыға беруге болады ғой. Қаншама жыл үлкен сахнада өнер көрсеткеннен кейін тойға барып ән айтқым келмейді шынымды айтсам.
Берікованың әндері махаббат туралы болғанымен, бүгінде оның жүрегі бос. Еске салсақ әнші, күйеуінің опазсыздығынан соң, 2021 жылы ажырасып кеткен еді. Эляның қазіргі таңда екі ұлы бар.
Элизат Берікова, әнші:
- Өмірде екінші жартың бар ма?
- Өмірде екінші жартымды әлі тапқан жоқпын. Айтпай-ақ қою керек еді. Білмеймін енді әлі ән арнайтындай ешкім жоқ.