Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- «Sense X» - моно көресітілім жасап, өзінің жаңа топтамасын таныстырады. Ерекшелігі - сән үйі подиумға бірден 37 лукты алып шығады! Ендеше өзімізге кешкі көйлек таңдайық.
Fashion show-дың подиумына кәсіби модельдер емес, «Қазақстан аруы 2023» ұлтық сұлулық байқауының бұрымдылары шықты. Арулар жаңа топтаманы таныстырып қана қоймай, өздерінің сәнбикелік икемдерін көрсетті.
«Sense X» брендінің негізін 2017 жылы дизайнер – Әйгерім Сәлібекова қалады. Шоу сәнгердің осымен төртінші мәрте ұйымдастырған шарасы.
Әйгерім Сәлібекова, дизайнер:
- Біз коллекцияны жаңа жылға байланысты, вечерний жаңағы корпоративке киетін, соның өзінде универсальнный болып киетін модельдер қылып шығардық.
Коллекцияда кешкі көйлектерден бөлек, классикалық үлгідегі образдар да бар. Әйгерім Сәлібекова жаңа жылдық топтаманы жібек, атлас және барқыт маталармен жасаған. Ал киімдер палитрасы – ақ, қара, қызыл!
Әйгерім Сәлібекова, дизайнер:
- 2024-тің трендтегі түс қандай?
- Ақ түсінде, пудра түстерде көйлектердің біршамасы бар. Ал, жаңа жылға бізден бархаттан жасалған көйлектер бар.
Фэшн шоуға келген сәнқойлар арасында Айдай Исаева бар. «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті қаражатты бей-берекет шашудан аулақ болуға шақырады.
Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті:
- Отандық дизайнерлерді қаншалықты жиі қолдайсыз?
- Әрине сапасы өте жақсы, отандық дизайнерлер өте керемет жұмыс жасайды тігістері өте әдемі көбісінің. Бірақ та қолайлы бағада болса деген тілектемін.
Динара Қырықбаева да бағалы брендтен бас тартып, бағасы миллиондардың үстіне шығатын луктарға байкот жариялаған.
Динара Қырықбаева, әнші:
- Жалпы мен қымбат нәрсе алмаймын, мен үшін ең бастысы киім жарасып тұру керек маған.
- Гардеробыңыздағы ең қымбат көйлек?
- Білмеймін бір 500 мың теңге шығар... 500 мың.
Сондықтан да, «Sense X» брендінің сапасы мен сәні үйлесім тапқан көйлектерін гардеробына қоспақ. Алдағы мерекелерді де дизайнердің луктарымен қарсы алуды жоспарлап отыр.
Динара Қырықбаева, әнші:
- Отандық брендтерді қолдаймын, аламын, балаларыма да өз анама да өзім де киінемін.