«Қазақстан аруы-202» 3 байқауында бақ сынайтын 25 ару таныстырылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

17 мың қыздың арасынан сытылып, оқ бойы оза шыққан 25 сұлу! «Қазақстан аруы-2023» тәжіне таласатын бойжеткендермен бүгін танысатын боламыз! Жақында көптен күткен финал. Олардың дайындығы қалай жүріп жатыр екен? Бірге білейік.

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:

- 4 шығарылыммен осы қыздарды іріктейміз. Яғни, 1-ші 25 қыз шығады, екінші шығарылымда 25 қыз, 3-ші шығарылымда 12 топ шығады. Содан кейін 5 топтың ішінен біз таңдап аламыз.

- Қыздардың дайындығын бақылайсыз ба өзіңіз?

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:

- Әрине, күнделікті бақылаймын. Таңғы сағат 6-да тұрғаннан түнге шейін бұл қыздар лагерьде. Фитнеске барады, күнделікті жаттығу 5-6 сағаттық.

Таныстырылымға шыққан 25 қыздың тал бойында бір мін жоқ дерсің. Бірі бірінен өткен сұлу. Жеңімпазды таңдауда әділқазылар біраз әлекке түсері анық.

- Финалға аздаған күндер қалды. Күнімен, түнімен дайындалып жатқан шығарсыз?

Аяулым Сәлімова, «Қазақстан аруы-2023» байқауының қатысушысы:

- Иә, ондай қобалжу, дайындық бар. Қайта-қайта алдыңғы жылғы финалды қарай береміз, қайта-қайта өзімізді елестетіп.

- Қазақ аруы болу да оңай емес. Сырт келбетіңізге, дене бітіміңізге ерекше мән беретін шығарсыз иә? Диета ұстап деген сияқты

- Иә, біз диета ұстаймыз, күніге 5 уақыт тамақ ішеміз, бірақ ол өте кішкентай көлемде.

- 25 финалистпен қарым-қатынасыңыз қалай? Байқаудың аты байқау, бір бәсекелестік бар ма араларыңызда?

Ақтоты Жүнісбекова, «Қазақстан аруы-2023» байқауының қатысушы:

- Қысқа ғана уақыттың ішінде, міне бүгін бізде дайындықтың 2-ші күні жүріп жатыр, бірақ барлығымыз танысып, тіпті көп уақыттан бері таныс адамдар секілді жақын араласып кеттік.

Наталья Петри, «Қазақстан аруы-2023» байқауының қатысушысы:

- Мен «Алматы аруына» қатысан болатынмын. Сол жерден тікелей осы Қазақстан аруына жолдама алдым.

- Басқа финалистерден байқауда қалай ерекшеленгіңіз келеді?

- Менің ең бірінші ерекше қасиетім менің қазақша сөйлеуім деп ойлаймын.

Биылғы байқауға таңдалған тақырып - «Болашақты қорғау». Әр өңірден жиналған арулар сән көрсетіп қана қоймай, табиғатты аялау жөнінде ой бөліспек.

Айдай Исаева, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:

- Экологияны қорғау, табиғатымызды аялау мақсатында біз осындай тақырып таңдағымыз келеді. Былтырғы «Жаңа дәуір» болса, биыл осы тақырыпты таңдадық, неге? Өйткені, біздің кішкене болса да Қазақстан елімізге пайдамыз болса деген ойымызбен.

Айдана Шалқар, @aiudna

- «Қазақстан аруы-2023» 14 желтоқсан күні Республика сарайында өтпек. 25 қыздың арманы бір. Олар – ең сұлу атанғысы келеді. Тәж кімге бұйырады? Оны уақыт көрсетеді. Финалда кездескенше.