Фариза Ескермес неге күйеуге шығудан қорқады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Елімізде ажырасудың көбейгенін айтып, себебін сүрбойдақ, серілердің бірі – Еркебұлан Тоқтардан сұрадық. Актер: ақыл айтқыштардың артқанын тілге тиек етті.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Ол... Қазір бизнес коучтар бар ғой: өміріңді жақсартам, қыздарға ананы үйретеді, мынаны үйретеді. Бірдеңе болса, ажыраса сал, өзің білесің. Ты независимая бірнәрсе. Ондай болуы мүмкін емес. Бір біріңе зависимая болуларың керек. Еркек әйелге, әйел еркекке.

Қарагөз Тілеубекова Еркебұланның сөзінің жаны бар деп отыр. Ер мен әйел отбасын сақтау қалуда тең жауапты,-дейді актриса.

Қарагөз Тілеубекова, актриса:

– Әйел заты өздері: өзім табам, өзіммін, өзім деген сөз «Мен» деген сөз көбейіп кетті. Сондықтан «Біз» деген сөзді көп айту керек сияқты.

Ене мен келін тақырыбын көтеріп жүрген автор, сценарист, режиссер – Нұржан Еркінұлы: әйелдер арасында мизогиния басым. Сондықтан салдары осындай,-дейді.

– Ажырасуға алып келетін басты факторлар неде деп ойлайсыз?

Нұржан Еркінұлы, автор, сценарист:

– Басты фактор деп нақты айту қиын. Бірақ басты себептердің бірі деп айтайық. Ол: ене мен келіннің сыйыспауы.

Фариза Ескермес, қыз баласын маңызды шешім қабылдауда асықтырмау керегін айтады. «Бұл өмірде бір рет қана берілетін таңдау. Оны дұрыс жасау керек. Сондықтан асықпаймын»,-дейді.

Фариза Ескермес, актриса:

– 5 құрбым тұрмысқа шықса, соның төртеуі ажырасып кеткен. Менің ойымша бізде асығыстық көп. Сосын: тезірек күйеуге қашан шығасың? Қашан үйленесің? Туу керек қой. Қартайып бара жатсың,-деген үлкендер тарапынан притензия көп шығар. Сол үшін адамдарда, жастарда қорқыныш бар шынымен.