НТК-дағы «Түнде атылған оқ» жобасын көрермен қалай қабылдады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық телевизиядағы тұңғыш детективте Ермек, тергеушінің рөлін сомдайды. Капитан Майлыбаевқа көрерменін сендіру үшін актер ерекше дайындалған. Кеңес кезеңіндегі заңды меңгеріп, сол дәуірдегі милициялардың болмысын зерттеген.

Ермек Шынболатов, актер:

- Өзім негізі фанатикпын, именно вот алпысыншы жылдар, хоть это СССР, хоть Америка болсын. Сол кездердегі адамдардың политикасы, адамдардың өзін-өзі ұстауы, адамдардың идеалогиясы мүлдем басқа болған. Ол замандарда бір определенный бір романтика бар. Қазір жоқ нәрсе. Мен сол заманнан шыққым келмей қалған сияқты, қазіргі кезге.Сол шашты әлі алған жоқпын.

Ермек Шынболатов - Талғаттың тұла бойынан – сенімсіздік, өмірге өкпе көрдім дейді. Ішкі күресі – қазіргі өміріне де кедергі. Тіпті, тыңғылықты тергеу жүргізуге де комплекстері кері әсер етеді.

Ермек Шынболатов, актер:

- Дамытуға жан-жақты, зерттеуге ыңғайлы кейіпкер. Өйткені о да кедергі көп. Бір қалыпты герой емес. Қателік жіберетін жерлері болады. Сосын ол қателігіне өкінеді. Тек положительный персонаж емес. Ол персонажы қазіргі өмірге алып келсең, өмір сүріп кете бере алатын кейіпкер.

Еңбек ақталып, сериал жоғары рейтинг көрсетті. Ютуб видеохостингінде әр бөлімі - 200 мыңнан астам қаралым жинады.

Ермек Шынболатов, актер:

- Коментарийларды оқысам, почти 90 пайызы, почти 95 пайызы положительный отзыв там. Қалған 5 проценты просто кейбір жерде, былай болса екен деген ұсыныстар деп қабылдадым өзім. Негізінен бірақ көрерменнің жүрегінен орын алатын сондай бір жақсы проектердің бірі болады деп есептеймін өзім.

Ермек Шынболатов – кәсіби актер. 25 жастағы талант бірнеше жыл театр сахнасында өнер көрсетті. Дикторлық қызметі тағы бар. Актердың алғашқы толықметрі – зорлықтан жирендіретін «Дәстүр» фильмі. Еске салсақ, лента ИК-лық Алдияр Жапарханов пен режиссер Қуаныш Бейсектің тырнақалды туындысы. Шынболатов хоррор жанрындағы картинада байдың жүгенсіз кеткен ерке ұлын ойнайды.

Ермек Шынболатов, актер:

- Бұзық жігіт, басында ойлауыңыз мүмкін, стереотный бұзық жігіт деп, на самом деле, әр бұзық, әрбір тентек адамның артында бірнәрсе соған итермелейтін зат болады. Адам туыла бітіп жаман болмайды ғой. 3 апта бойы сондай роликтерді көрумен болдым.