Айдана Шалқар, @aiudna
Рүстем Жаныаманның үйін қаскөйлер тонап кетті. Ал, актер ұрыларды қолға түсіре алмай әлек. «Алаяқтарды ұстасам, аямаймын» - дейді Рүстем. Иә, бұл - «Воришки» картинасының сюжеті. Бүгін жабық көрсетілімдеміз.
Толықметрге ерекше рең берген – Рүстем Жаныамановтың кейіпкері. Үнемі момын, биязы, лузерлерді сомдайтын актер бұл жолы – байлыққа құныққан антогонист.
Рүстем Жаныаманов, актер:
- Мені бір басқа образға шақырыңыздаршы деген сияқты. Ботаниктен, жалпы мұғалімнен, доктордан, былайша айтқанда, жақсы образдардан кішкене алыстау керек боп жүр.
Картинадағы басты рөл Ербол Семқұловқа бұйырған. Кейіпкері – кәнігі ұры, балалар үйінен шыққан Әмір есімді жігіт. «Оқиғаны көрерменге шынайы жеткізу үшін образымды зерттедім» - дейді ол.
Ербол Семқұлов, актер:
- Басында режиссермен кездескен кезде отырып, зерттеп, қалай болады, ол бала қалай сөйлейді, сөздерін өзгертіп, өмірі қандай соның бәрін зерттедік.
Ерболдың экрандағы партнеры – Әйгерім Жүнісова. «Воришки» картинасы – оның алғашқы толықметрі. Сондықтан да актриса түсірілім алаңында қатты қобалжыған. Десе де Семқұлов оған қолдау көрсетіп, Әйгерімнің уайымын сейілткен.
Әйгерім Жүнісова, актриса:
- Ерболмен біз бұрыннан танимыз бір-бірімізді сырттан, коннект жақсы болды. Өйткені, бір академияда оқығандықтан бір-бірімізге родной адам құсап көріндік та.
- Оның не дегенмен тәжірибесі көптеу. Көмектесті ма?
- Көмектесті иә, оның тәжірибесі көп екенін шынымен мен байқадым площадькада.
Картинада басты рөлде төбе көрсеткен өнер иелеріне ұрлық тақырыбы таңсық емес. Себебі, барлығы дерлік бала күнінде өзгенің дүниесіне қол сұғып көрген.
Рүстем Жаныаманов, актер:
-Көрші үйге алшаларын жейтінбіз, сол кезде шарбақтан сеікіріп түсіп, ағашқа өрмелеп, соны бір-бірлеп теріп отыратын уақыт жоқ қой енді, бұтағымен сындырып алып кететінбіз. Соны қазір ойласам, ұяламын.
Ербол Семқұлов, актер:
- Кішкентай кезімде ағам супермаркет ашқан кезінде. Содан шоколад ұрлағам. Сағыз.
-Ағаңыз біліп қойды ма?
- Иә біліп қойды, содан кейін менен тыға бастады.
-Ұрысқан жоқ па?
- Жоқ, басында ұрысты, сосын оған білдіртпей ұрлап жүрдік.
Ермек Шынболатов, актер:
- Фильм маған ұнады. Сондай бір америкалық vibe дейміз ба, сондай бар. Өйткені коррекциясы болсын, даже актерлардың говоры сол западқа келеді деп айтсам болады.
Олжас Әлжанов, актер:
- Динамика жағынан мүмкін кішкене маған жетіспеді, а так общий картина барлығы күшті.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Ұрлық түбі – қорлық. Рүстем Жаныаман баукеспелерді қолға түсірді ме? Алаяқтар жазасын тарта ма? Жауабы – үлкен экрандарда.