Еркебұлан Тоқтарға Голливудқа жол ашып берген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркебұлан Тоқтар бұрыннан Голливуд кастингтеріне онлайн өтініш беріп, олардан өтіп жүрген. Тек виза ғана актерға үлкен мәселе болған. Қолына мөр қойылған құжатты алған бойда, АҚШ-қа құстай ұшты.

Голливудтан жақында келдің. Не үшін бардың? Түсірілімге барғаныңды білеміз. Қандай фильм? Айта аласың ба?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Иә. Түсірілімге бардым иә. Мировой прокатқа шығатын кино. Пока мен атын, ешнәрсесін айта алмаймын. Бастапқы 4 күн съемка болды менде. Енді январьда болады бұйыртса съемка. Январьға дейін осындамын бұйыртса.

-Мені ұстап қалыңдар дейсің ғой.

-Той-пой, анау-мынау болса дегенсің ба?

Еркебұлан Голливуд түсірілім алаңында полиция қызметкерін яғни «Копты» ойнаған. Картинаға байланысты қалған детальдарды актер ашып айта алмайтынын жеткізді.

Ол жақта райдер болды ма сенде?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Райдер болды. Бизнес класс болды. Мен 4 күнде 4 отель ауыстырдым.

-Не үшін?

-Көргім келді. Бір күні берегтің қасында. Санта-Моника деген берег бар, соның қасынан ал дедім. Бір күні юниверсл пикчерстің қасынан ал дедім. Райдер как положено күшті болды.

-Гонорарыңды сірә айтпайсың?

-Конечно. Айтылмайды ол.