Рамазан Амантай кинодан кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukonva

- Еркін даланың еркегі, елші Елтебер 1311 жылы өмір сүрген. Телепортация ма, сиқыр ма әйтеуір біздің заманға тап болады. Тың жанрда таспаланған лентаның премьерасындамыз.

Кинонарыққа қосылған тың туынды – «Батыр из прошлого». Тарихи-фантастика жанрында таспаланған лента, байырғы заман мен қазіргі кезеңді көрсеткен. Бүгінгі ұрпақтың ісіне, он төртінші ғасырдағы ата-бабалары разы емес екен.

Қажет Смағұл, актер:

- Бұрыңғы біздің бабаларымыздың ұрпағы қандай болды, қазір қандай болып қалды, ұсақталып кетті ма, сол жайлы көрсетеді.

Еламан Есентаев, актер:

- Өте күшті, құнды сөздер айтылады фильмде. Мысалы үлкен кісі келгенде адамның тізесі бүгілмеуі тұруы тиіс деген сияқты. Жалпы отырмау керек, тік тұрып амандасып, сол сияқты көптеген тәрбиелік мағынасы бар фильм.

Ержүрек елші Елтебер – Олжас Әлжанов. Актер басты рөлді сомдау үшін біраз жанкештілікке барған.

Олжан Әлжанов, актер:

- Өте қиын болды. 1,5 метрдей шаш өсіріліп, оны күнде жуу, ең ауыры сол жуу болды. Қыздардың енді сіздерді түсінемін қалай қиын. Өсірейін ба деген ой кетіп қалды бір жағынан.

- Елтебер батырдың рөлін сомдау үшін кішкене салмақ қосқан шығарсың?

- Физика тренировка жасағаннан кейін релеф шығардым, өйткені голый торспен төбелесетін сахналарым бар. Сол жерде кішкене ұятқа қалмайтындай майларымның бәрін кетеріп, іштерімізді тартып дегендей....

Ал, Елтебердің 29-шы ұрпағы - Рамазан Амантай. Актер бір жылда 12 фильмге түскен. Өзі де бір сарынды рөлдерден шаршағанын мойындайды. Енді Рамазан жаңа жобаларға барынша таңдап түсемін деп отыр.

Рамазан Амантай, актер:

- Биылдыққа соңғы премьерада кездесіп тұрған шығармыз, келесі жылы екі еселене ма?

- Екі еселенбейтін шығар. Өйткені мен көп түспеймін деп шештім. Бұл соңғы премьера емес, тағы да «Қазақша Бизнес Бразилияда» бар.

Фильмде кәсіби актерлардан бөлек, дебьютанттар да бар. Мәселен, Рамазан Амантайдың ғашығын «Жас сахна» театрының актрисасы Эльмира Қалбай сомдайды.

Эльмира Қалбай, актриса:

- Батырлық, батылдық туралы, меніңше көп нәрсе алады. Әр адам әр түрлі өзіне керекті нәрсені алуға болатындай фильм.

Қажет Смағұл, актер:

- Бір қызығы осы продакшнның фильміне түскен актерлар су тегін түсеміз деп жатыр. Сізге төленген шығар?

- Су тегін түскен актерді көрсетші мен көрейін оны.

- Еламан Есентаев...

Еламан Есентаев, актер:

- Аааа, иә, ия...

Қажет Смағұл, актер:

- Өтірік айтады, Еламан өтірікші Еламан.. Тегін деген нәрсе жоқ қой. Берген гонорары ұнамай қалып, тегін деген шығар.

Еламан Есентаев, актер:

- Может мен бір приколмен әзілмен айтқан шығармын, анау вайбпен. Әйтпесе жоқ тегін емес. Еңбек қой енді.

Артур Төлепов, актер:

- Өте күшті жақсы эмоция алып шықтық.

Жарқынай Ханайым, актриса:

- Шынымен де бабаларымызбен қазіргі ұрпақты тілдестіргендей болды. Шынымен де ой салды.

Айназ Ділдаханова, О. Әлжановтың жұбайы:

- Осы қазіргі замандағы бағанағы жастарға үлгі тұтарлық фильм деп айтсақ болады. Айтары терең да, ойы терең кино.