«Ninety One» белгісіз уақытқа шығармашылық үзіліс алады! Дәл осы ақпарат әлеуметтік желіде мемберлердің 8 жылдық мерейтойы алдында тараған еді. Бұл туралы жігіттер өздерінің тик-ток аккаунтында айтып, концерт алдында иглз-ды дүр сілкіндірді. Мұны естіген фанаттар билет құны миллион болса да соло кешке барды. Бірақ, 91-ліктер концерттерге шығып жүр. Сонда, жалған сөйлеген бе?
«Ninety One» тобы:
- Бізде осыған дейін үзілістер болып тұратын. Бірақ ол ондай үзіліс емес, өйткені бәрі айтады ойбай сендер, әрдайым жыл сайын үзіліске кетесіңдер. Жоқ ешқашан біз ондай болған жоқпыз, үзіліске кетеміз біз альбом жазу үшін. Яғни біз кетіп қаламыз да, әндер жазамыз, тағы бірдеңелер ойлап табамыз. Сол сүйтіп жүргенімізге 8 жыл болды.
Еске салсақ, «Ninety One» Ерболат Беделханның қанатының астында болған тұста да, жиі пауза алатын. Жігіттерді камбэк алдында үнсіздік жариялайтын-ды,
«Ninety One» тобы:
- Ол кісі барын салды, тек қана бізге емес, шоу бизнеске. Өйткені «Ninety One» шыққалы бері бұл жерде негізі Ерболат ағаның еңбегін айтатын болсақ, шоу бизнеске деген үлкен серпін болды. Біз үшін де үлкен серпін болды. Біз ол кездегі аш жастармыз, бірдеңе көргісі келетін бірдеңені өзгерткісі келетін және бірге көрдік, бірге өзгерттік және бәріміз бірге соған куәгер болдық.
«91»-лік мемберлердің ұстанымы еш өзгерген жоқ. Жігіттер шығармашылық үзіліс алғанымен, ауқымды кештерде өнер көрсетуін тоқтатпайды. Мәселен, бойзбенд 30-шы қазан күні «Ирина Кайратовна» тобымен бірге батл жасайды.
«Ninety One» тобы:
- Коллабарациялар, әртүрлі жаңағы фесттер, тағы басқа нарселер, ондай заттар қала береді. Яғни бір қарқында кәдімгі өзіміздің, кәсіби заттарымыз ол қалады.
«Ninety One» тобы:
- Біздің әлі алар асуларымыз өте көп. Сондықтан енді жұмыстан қол босамайды ау деген ойдамыз.