Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- «Шам» театрында бүгін премьера! Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажит негізін қалаған өнер ордасы қызыл кілем төсеп, жүзге тарта жұлдызды жинады! Себеп – «Иран конференциясы»!
«Шам» - эксперименталды театр. Актерлардың еркін шығармашылық алаңына айналған өнер ордасы. Бұл жолы труппаға - Ерлан Біләл, Самал Еслямова, Зарина Кармен, Дархан Сүлейменов және Ақбота Рахат сынды хас шеберлер қосылған.
Еркебұлан Дайыров, актер:
Біз енді үкімет қаржыландырып жатқан жоқ. Біз өз күшімізбен жасап жатқаннан кейін, бірден айтқан ойдың бәрін істей салу аз уақыттың ішінде, ол мүмкін емес. Материал жағынан да физикалық жағынан да.
Зарина Кармен, актриса:
Осыдан бір жыл бұрын «Шам» ашылғанда өздеріңіз жүгіріп бас аяғында полын жуып, тамақ тасып жүрген едіңіз, қазір бір жүйе өзгерген шығар?
Бір жылдың ішінде нәтиже бар, театр өз аяғына тұрды десек те болады, біздің тіпті тұрақты спонсорымыз да бар сондықтан бұл спектакльдің қаражаты бірінші спектакльге қарағанда көбірек.
Самал Еслямова, актриса:
- Театр сахнасына алғаш шығуыңыз, сахна қалай екен?
- Алматы сахнасына бірінші рет шығуым әрине қазақтың актрисасы үшін бұл тарихи оқиға, себебі Алматының сахнасы, жалпы Қазақстанның өнері адамдары үшін ерекше сахна.
«Иран конференциясы» — қоғамдағы түрлі идеялар қайшылығы, позициялар текетіресі! Дәл бүгінгі ақпараттық майданды, көзге көрінбейтін суық соғыстарды, қырғи-қабақ қақтығыстарды сахналайды.
Еркебұлан Дайыров, актер:
- Пъесса арқылы біз өзіміздің азаматтық позициямызды, ойымызды жеткізгіміз келді.
Зарина Кармен, актриса:
- Бұл бір жаңалық ретінде осы спектакльді біз алдық, бұл енді бір ақша табу мәселесі емес, бұл театр әлеміне жаңалық енгізу үшін жасалған спектакль.
Фархад Молдағали, режиссер:
- Әр жерде болып жатқан соғыстар, діни дәстүршілдік пен гумаснисттік арасындағы күрес. Батыс пен шығыс деп бөліне береді ғой. Желілерде болып жатқан бітпейтін талқылауларға бұл бір жақсы бір жауап.
2,5 сағатқа созылатын конференцияда 8 кейіпкерден бөлек, Азамат Сатыбалдыда бой көрсетуі тиіс еді. Алайда актер «Қазақфильм» президенті орынтағына жайғасқалы, тығыз кестесінен театрға орын табылмай қалған. .
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Бір қызығы сіз осы спектакльде ойнауыңыз керек еді ғой?
- Иә мен ойнауым керек болатын енді, қазір жұмысыма байланысты сәл шегердім. Қысқа дейін ойнаймын, өйткені менің рөлімді жәй ғана алып тастаған.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Дайындықсыз келген көрерменге арналмаған спектакль. Бұл спектакльге әрбір көрермен дайындықпен келуі керек. Интелектуалды көрерменге арналған пьесса. Мен әрдайым айтып отырамын, театр болсын, кино болсын, көрерменнен алда жүру керек деп. Соның дәлелі «Шам» театры.
Жандос Айбасов, актер:
- Өте терең қойылым. 8 кейіпкердің бәрімен келісемін, бірақ бәрі бірі-біріне қарсы да, сонысымен спектакль өте керемет.
Ерден Жақсыбек, актер, әнші
- Театрал болғандықтан бірден өзім пікірімді айта алмаймын өйткені біз қорытамыз. Қорыту керек. мұндай үлкен, үлкен тақырыптар қозғалған.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
«Шам» театры «Номер 37»-ні 1 жылда аншлагпен 14 мың көрерменге қойды. Енді «Иран конференциясы» сол жетістікті қайталай ала ма? Оны уақыт көрсетер. Ал, біз өз тарапымыздан ең бастысы театрдың шамы өшпесін дейміз!