Мадина Дәулетқызы, тілші:
Динара Сұлтан түркі халқының ежелгі салты саналатын «Сабантой» ұйымдастырды! Аталмыш күз мерекесі этно-поп ап стор аясында, 3 күн бойы тойланбақ! Бүгін мен де бұл шараға қонақ ретінде келіп қалдым! Дәл қазір шараның қызықтарымен бөліспекпін.
Соңғы кездері Динара Сұлтан жаңа бейнебаянға қарағанда, этникалық фестивальді ұсынуды жиілеткені рас. Осымен үшінші рет өткізіліп отқан шараға түгелдей әншінің жеке қаражаты жұмсалған.
Динара Сұлтан, әнші:
–Биыл тақырыбы ерекше екен. «Сабантой» деген ежелгі ұмытылып бара жатқан мейрамымыздың бірі. Соны еске түсіріп, қайта жаңғыртып, осы мейрамды тек қана Татарстан, Башқұрстанда ғана емес, Қазақстанда да тойлансын дегендей, соны жаңғыртуға тырысып жатырмыз.
Ал бұл фестивальде әдеттегідей этно стильдегі киімдер мен бұйымдар жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары мен музыкалық кештер 3 күн бойы меймандар назарына ұсынылды. Дәл осылай Динара Сұлтан қазақылықты трендтке айналдыруды көздейді екен. Жабық кештің алғы сөзін Азамат Сатыбалдының өзі айтса, Аша Матай бастаған жұлдыздар Динараны қолдай келген.
Динара Сұлтан, әнші:
– Сондай-ақ, бүгін кеш барысында сіздің альбомыңыздың тұсауы кесіледі.
- Біздер сол 2020 жылы «Сен» студиясын құрдық қой, сонда американдық студия салдық. Соның ішінде біз жанды дыбысты әбден жаза аламыз. Біз осы жолы бірінші рет, білмеймін бұрындары енді жазып жүрген шығар, осындай жоғары дәрежеде акустический ЕР альбом жаздық.
Альбом қазақ тіліндегі 5 әннен құралған. Ондағы әрбір трек музыкалық инструменттердің сүйемелдеуімен, ешқандай өңдеусіз басылып шыққан.
Десе де, Динара Сұлтаннан соңғы кездері ауқымды кештер мен шараладар көрінбей кеткенін сұрап көрдік. Әлде, ұйымдастырушылар шақырмай жүр ме?
Динара Сұлтан, әнші:
- Мен бірақ ондай әртіс емеспінғой, әрдайым сахнада жүретін, телевизордан шықпайтын. Ондайдың дәуірі кетті деп ойлаймын. Өйткені кішігірім инстаграмда да өз өнеріңмен бөлісуге болады деп ойлаймын.