Айдана Шалқар, @aiudna
Біз бүгін Сара Амангелдінің ұзату тойына келдік. Тұрар екеуі отбасын құрмақ. Қате түсініп қалмаңыздар, бұл – жай ғана кинодағы оқиға. Бұл жерде «Жар-Жар» картинасы түсіріліп жатыр. Тұрар мен Сараның махаббат хикаясы қалай өрбиді екен? Қазір өздерінен сұрап көрейік
«Жар-жар» картинасындағы басты рөл Тұрар Ыдырысқа бұйырған. Айта кетейік, өнер иесі алғаш рет актер ретінде бақ сынап жатыр.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
- Мен ойлағам шамалы дерзкийлау біреудің рөл шығар деп. Все таки болмысым андай. Сөйтсем андай айтишник бала, кішкене простой, қыллтың-сылтыңы жоқ. Жақсы балдар болады ғой андай бір үйленетін ше. Осыған күйеуге шығып алу керек дейтін балдар болады ғой, сондай.
- Сарамен өте күшті. Бұрыннан таныспыз, бірақ қатты араласпайтынбыз. Бірақ осы кинодан бері өте күшті қыз және де бір-бірімізге қолдау білдіріп сөйтіп жүрміз.
- Осы сюжет бойынша жаңа айтып жатырмыз, Сара екеуіңіз отбасын құрасыздар. Үйлену сахналарын түсіру қалай болпы жатыр? Қызық бір сезім шығар енді?
- Негізі мен мына нәрсеге сенем деп айта алмаймын, бірақ өмірімде көп кездеседі, егер де там бірдеңе туралы өлең жазсаң, клип түсірсең, сол басыңа келеді да. И Құдай қаласа басыма келсе екен деген ой ғой біздікі.
Тұрар мен Сараның фэйк тойынан Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шараповты да кездестірдік.
- Біз байқадық, Ләйлә ханыммен бірге бір түсірілім алаңында жүрсіздер. Жақында ғана татуласқан едіңіздер. Қалай болып жатыр?
- Түсірілім қалай жүріп жатыр Ләйлә ханыммен?
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Нормально. Жоқ, жақсы боп жатыр, әдемі. Біз татуластық иә, 4 жыл бопты ғой бір-бірімізбен сөйлеспей жүргенімізге.
- Дәл қазір біз осы фильмдегі Сара Амангелдінің анасының рөлін сомдайтын Ләйлә Сұлтанқызынан сұхбат алатын боламыз. Ләйлә ханым, көңіл күйіңіз қалай?
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Күшті. Қыз ұзатып жатқан адамның көңіл күйі болады. Нұрболхан не айттың?
- Ертең эфирден көресіз қалай болатынын.
- Дебюттың өзіне вообще күшті шығып жатыр негізі. Еще главный рольде. Главный құдағи еще.
- Біз білеміз сіз құдалардың, құдағидың рөліндесіз. Қалай болып жатыр? Бір ерекше сезім шығар?
-Менде қыз жоқ қой өмірде. Ал бұл фильмде мен қызымды ұзатамын. Менің қызым бар. 1-ші күннен бастап Асыл, яғни Сара екеуіміз бір-бірімізді жақсы сезіне бастадық.
Бұл картинадағы танымалдар легі мұнымен бітпейді. Басты рөлдердің бірінде – Қайрат Әділгерей де бар. Фильмде Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы, Сара Амангелдінің әкесі.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Бұл жерде үлкен месседж айтады. Екі баланы үйлендіреміз деп қаншама адам өздеріне-өзі проблема жасап алады. Өздерінің амбициясы өзіне зиян келтіреді. Әр адамның өзінің образы бар, рөлі бар. Мына таяқты ұстап отқан себебім де сол. Бұл киноға қосқаным өзімнің, іздеп тапқаным.
- Мына жерде біздің осы «жар-Жар» картинасының актерлары әңгіме-дүкен құрып тұр екен. Қазір олардан сұхбат алып көрейік. Қайырлы күн! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай?
Нышанбек Жұбанаев, актер:
- Қалымыз мощьный. Кім тұра тұршы.
- Кел режиссер тұр импровизационный интервью, ортаға алайық. Саған прикол ұстайық деп жатыр едік қой.
- Мынаны неменеге алып алдым и, кетші бар өзім берейінші.
- Көріп тұрғандарыңыздай, өте керемет коннект жүріп жатыр. Көңіл күйлеріңіз қалай, түсірілім қалай жүріп жатыр?
- Каз тоқтай тұршы. Бүгін тамаша сьемкадамыз өздеріңіз көріп отырғандай. Осылай үйлену тойды, яғни ұзатуды қолдан жасап жатырмыз.
Нұргүл Мыңғатова, актриса:
- Әрине, басты рөл болғаннан кейін, жүк бізге түскеннен кейін біз бір жағынан уайымдап та жүрміз. Дегенмен де біз қанша киноға түссек те бұл киноның орны біз үшін бөлек болып тұр.
Айдана Шалқар, @aiudna
Картина 16 қарашада үлкен экрандарға ұсынылады деп жоспарлануда. Оған дейін бар болғаны 2 ай қалды. Аз уақыттың ішінде пост продакшн жасап үлгере ме? Бұл – кәсіби мамандардың құзырында.