НТК-ДА Ұ-NIGHT SHOW!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бексұлтан Піләл, «Ұ-night Show» резиденті:

– Халық уже үйренді. Халыққа ұнап жатыр. Маған өзіме қатты ұнайтын «Ұ NAME» айдары. Қыздарға подкатывать ету, өзіме қатты ұнайды. Бұйыртса жеңіп шығамын деген ойдамын... деп анандай... /күледі/

Жобаның жұрт көңілінен шығып жатқанын, бағдарламаға жазылған пікірлерден де білуге болады.

Елжан Халиуллин, «Ұ-night Show» резиденті:

– Сахнада «Аз-ақ фильм» ойнап жатырмыз. Бір жерде Елжанды грушадағыдай ұрады деген несі бар. Сол кезде біздің балалар маған байқатпай қатты ұрып жібергені бар Есеттің. Ауа жетпей қалды ауырып қалдым.

  • НТК ма? НТК?
  • НТК ғой, НТК-да Ұнайт шоу ғой.

Жобада жігіттер ғана ыңғайсыз жағдайға қалмайды. Мысалы, Сәуле Шарапат «Ұсынайық» айдарындағы қызықпен бөлісті.

Сәуле Шарапат, «Ұ-night Show» резиденті:

– Енді ұлдар для прикола мені алып алады да, мен бірақ білмеймін. Менімен келіспейді да. Ана жаққа барған кезде, өзім ыңғайсыз болып қаламын. Жаңа мысалыға айтты да, бассейнге қыз тұр, кіргізбейді да, Эльдар мені алып алып, мен бассейнге батпаймын қасымда балон бар деп, мені айтып тұр да.

Бағдарламаның сәтті шығуының басты құпиясы – командалық жұмыс. Оны жігіттердің өздері де мойындайды. Бірді бірінен, бөліп жармайды.

Нұрсұлтан Үсенов, «Ұ-night Show» резиденті:

– Енді...Білмеймін енді. Өзімді былай бағалап не етпеймін сахнада. Бізде тек команда ретінде ғана ғой. Ұнайт шоу ол таза командалық шоу да ол.

Жоба продюсері елімізге белгілі әзілкеш, тележүргізуші – Еркебұлан Мырзабек. Еркебұлан бағдарламаның концепциясын жетілдіруді үнемі ойлап жүретінін айтады. Түрлі эксперименттер де жасайды.

Еркебұлан Мырзабек, «Ұ-night Show» бағдарламасының продюсері:

– Бұл сезонда жаңа айдарлар пайда болды. Әскербек те қазіргі таңда эксперимент есебінде. Қолданылып жүр. Бұйырса халықтың көңілінен шығып жатса, оны да тұрақты айдарларымыздың бірі ретінде қолданамыз деген ойдамыз.

Ұнайт шоу ертең яғни әр жұма, сағат 18:10-да эфирге жол тартады. Қызықтан құр қалмаңыз!