Айдана Шалқар, @aiudna
- Еркебұлан Тоқтар қос бірдей аруға ғашық. Бірі –байдың қызы болса, бірі – бала күнгі махаббаты. Иә, - бұл «Байдың қызын аламын» картинасының синопсисі. Бүгін жабық көрсетіліміндеміз. Сонымен, Еркебұлан қандай таңдау жасады? Бірге білейік.
Тамирис Жанғазинова, актриса:
- Шынымды айтсам, кішкентай кезімде армандайтынмын байдың қызының рөлін сомдағым келеді деп. Шын айтамын.
-Жалпы осы Еркебұланмен видео жүктегеннен кейін барлығы шулап, кәдімгідей талқыға салды. Сол пікірлерді қалай қабылдадыңыз?
Тамирис Жанғазинова, актриса:
-Негативті пікірлер көп болды. Бірақ өнер жолында бұрыннан келе жатқаннан кейін ондай сөздерге үйреншікті.
«Байдың қызын аламын» картинасындағы басты рөл Ақерке Назарбековаға бұйырған. Айта кетейік, бұл – оның екінші толықметрі.
Сюжет бойынша Ақерке Еркебұланға ғашық болғанына қарамастан, оған жар таңдауға көмектеседі.
Ақерке Назарбекова, актриса:
- Айдана деген қыз өзі ветеринар боп жұмыс істейді. Темірлан байдың қызын іздеп жүргеннен кейін, ал менің клиникама өңкей байдың қыздары келеді да. Темірланға сол байдың қызымен танысу үшін мен көмектесем.
- Көптеген актрисалар айтып жатады: «Мен осы фильмдегі гонорарыма осындай зат аламын, шет елге шығып қайтамын» деген сияқты. Ал, өзіңіз осы фильмнен алған гонорарыңызды қалай жұмсайсыз?
Тамирис Жанғазинова, актриса:
- Өлең жазып жатам өз алған ақшама. Өнеріме құямын.
Ақерке Назарбекова, актриса:
- Жұмсап қойдым.
- Қымбат зат алған сияқтысыз ғой?
- Өзіме керек нәрселерді алдым.
Дархан Саркенов, режиссер:
- «Байдың қызын аламын» деген бәрімізге белгілі ән бар. Сол әннің желіісімен жазылған, негізделген , негізделе отырып жазылған сценарий.
Аталмыш туындының жабық көрсетілімінде жұлдызды қонақтар көп болды. Өнер иелері 80 млн теңге қаражатқа таспалаған фильмге өз бағаларын берді.
- Фильм сізге қандай әсер қалдырды?
Жан Байжанбаев, актер:
- Еркебұлан сондай жағымды, сымбатты кейіпкердің рөлін сомдап шықты. Оның бұл ойыны мені таңғалдырды. Картинаның соңы маған қатты ұнады. Бұл фильмнің кассасы көп болады деп сенемін.
Рамазан Амантай, актер:
- Сізге актерлық ойын ұнады ма?
- Бүгін Еркебұлан досымның ойынына өте таңғалдым. Керемет ойнап шықты және Тамирис қарындасымыз тамаша ойнап шықты. Ақерке қарындасымыз жаңалық болады бұйырса қазақ киносының.
Олжас Тоғымбет, актер:
- Маған сценарий ұнады. Сценарий жағынан барлық бөліктер өз орнында.
Айдана Шалқар, @aiudna
-«Байдың қызын аламын» трегі әлемде ең көп тыңдалған Қазақстандық туынды. Әнге меседжі де, мотиві де ұқсас фильм бұл жетістікті қайталай ала ма? Бокс офис айқындайды.