Нағимумша тұрмысқа шығып, күйеуінің қызметіне байланысты Чехияға көшіп кеткен еді. Блогер кәрі құрлықта 2 жылдан астам уақыт өмір сүрді. Алайда, желі жұлдызы көп ұзамай елге оралуға мәжбүр болды. Себебі, соңғы кездері әкесінің денсаулығы сыр берген.
Nagimuwa, блогер:
- Ата-ананың қасында болу керек деп шештік та, ол маған айтты: «барасың ба»?, «точно ма?», - дедім, қазір қайтып кетсек «ертең өкінбейсің ба» деп «жоқ» деді. Сондықтан біз қайтып келдік.
- Шығармашылығыңызды талай жыл шетелдік жобаларда да жүрдіңіз, қазір қалай болып жатыр?
- Қазір тәубә, ұшып бара жатырмыз...
- Немен айналысып жатырсыз?
«Standup Central Almaty» клубына барып өз-өзімді сынап, сахнаға шығып неше түрлі стендаптарды қазір жазып жүрмін. Сондықтан әр-әр жақтан кішкене кішкене кішігірім қадамдарды жасап жатырмын.
Nagimuwa, блогер:
- Яғни Нагимуша стендапер бола ма?
- Бұрыннан бастап ондай бір арманым бар негізі.
- Стендапқа қызығушылығыңызды бірінші рет естіп тұрмын.
- Негізі мен сахнаға бірінші стендаппен бірге 20-сы жылы шыққам. 3 жыл болды, бірақ сосын қайта шықпадым, өйткені қорықтым ба әлде қобалжыдым ба өйткені сценарий стенд аптың жалпы саласы оңай емес екен. Қазір мен қайтадан оны қайталауға дайынмын деп ойлаймын.
Nagimuwa, блогер:
- Стендаперлер әр түрлі тақырыпта әзілдейді, сіз қандай тақырыптарды сөз етесіз?
- Менің жалпы өмірім, бүкіл менің күлкі нәрселерім ол менің өмірім, өмірден алынады, сондықтан бір даладан ала салмаймын мен оны. \күледі\ Сондай оқиғаларды алып, жазып, сахнаға шығарамын.
- Жеке стенд ап кешіңіз болуы мүмкін бе?
- Мүмкін, мүмкін, мүмкін. Солай болсын деп үміттенемін енді.