- «Құрметті, Ләйлә Сұлтанқызы! Мен сізді өте жақсы білемін. Кезінде жұмыс барысымен араластық. Қуанышыңызда да болдым. Мен жағымпаз, болашақта сізбен араласу деген оймен отыратын болсам, бұл мәселені көтермес едім».
2019 жылы Нұрболхан Шарапов осылай деп үндеу жасаған болатын. Жеке шекарасына тіл тигізгені үшін Ләйлә Сұлтанқызы оның қатаң жазаға тартуды талап етіп, фемида өкілдерінің көмегіне жүгінді. Десе де араға 4 жыл салып, қос тарап көптің көзінше татуласты.
Айдана Шалқар, @aiudna
-Әлеуметтілік желіде шулап жатыр. Нұрболханмен татуласып жатырсыз. Жалпы қалай татуластыңыздар? Кім бірінші кешірім сұрады?
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Сөйлесіп тұрғанбыз. Сол кезде менің мобилограф қыздарым қолына петличка бере салғаны бар емес пе «Нұрболхан аға, міне тағып сөйлеңізші, даусыңыз дұрыс естілмейді» деп. Менің ойымда ештеңе жоқ. Нұрболхан алды, сонымен «Мен осыны пайдаланып, мен осындай кешірім сұрасам»-дегенде мен біріншіден күткен жоқпын, екіншіден, өзімнің түрімнен көрініп қалды менің күтпегенім. «Рақмет, жаным»-деп құшақтап алғам ғой. Өзім ұялып қалдым артынан.
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:
- Біз татуластық иә, 4 жыл бопты ғой бір-бірімізбен сөйлеспей жүргенімізге. Бірақ енді ол жарамас, өмір деген қысқа. Сондықтан ешқандай ұрыспай-керіспей, тату өмір сүрген жақсы ғой негізі.
Сұлтанқызымен бұл жайында тілдескен соң: «Әлі де ашылмаған құпиялар бар ма?» деген сауал туындады.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Біріншіден уақыт өтті ғой. Екіншіден, көп құпия-сырлар бар. Мен айтып өзімді ақтауыма болар еді, бірақ біреудің құпиясын айтқым келмейді. Біреудің сырын айтқым келмейді.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Енді Нұрболхандыкы бұл – үлкен ер азаматтық іс және де ол сондай қадамға барғаны мен Нұрболханға деген сүйіспеншілігімді 2 есе арттырды. Сол себепті оныкы – азаматтық. Енді үлкен боп мен қоймадым, кіші боп ол қоймады деп қалай бар солай жаздым.
Айта кету керек, тележүргізуші мен әзілкеш әріптес. Екеуі де телеарналарда қызмет етеді. Бұған қоса, бір фильмге түсіп жатыр.