Мерей Әбілова, блогер:
- Дайындық қызу түрде жүріп жатыр. Осы тойға да аз уақыт қалды дей аламын. Сондықтан да қазір бүкіл жұмысым той боп жатыр.
- Қобалжып жүрген шығарсыз? Не дегенмен бұл – өте тарихи сәт.
- шынымды айтсам, әлі қобалжу жоқ. Былай жүре берем, ішімде қобалжу деген сезім әлі жоқ. Мүмкін жақын қалған кезде сондай сезім келер.
Еске сала кетейік, сылқымның таңдауы Дінмұхаммед Қашкен есімді аяқдопшыға түскен еді. Димаш ғашығына наурыз айында Парижде ұсыныс жасаған еді.
Мерей Әбілова, блогер:
- Біз негізі білетін болсаңыздар январь айында сырға салынған болатын. Содан бері дайындалып жатырмын. Содан бері примерно жайлап-жайлап дайындалып келе жатырмыз. Былай қарап тұрсаң, уже 1 жылдай боп қалады ғой дайындалғанымызға.
- Ал, оған көп қаражат кетіп жатқан шығар? Шығын?
- Иә, әрине. Мен енді мойнымда ұзату тұр. Ұзату тойы. Тараз қаласында болады. Сондықтан да бүкіл қаражатты қазір сол жаққа салып жатырмын. Ал үлкен тойды өздері ұйымдастырып жатыр. Ол жағына қатты араласып жатқан жоқпын, қанша ақша кетіп жатыр.
Қазіргі таңда Мерей қалыңдық көйлегін дайындау үстінде. Дизайнды сылқымның өзі жасаған.
Мерей Әбілова, блогер:
- Бұйырса менің анам тіктіріп берейін деп жатыр. Өзіміз Тараз қаласында тігіншіміз бар. Сол кісі өзім тігіп берем уайымдама деді. Өзім примерно дизайн жіберіп, сол жақтан жақсы бір ұзату көйлегі шығады деген ойдамын. Сол секілді тойдың көйлегі де тіктіріліп жатыр.