Аз уақытта елді елең еткізген «Черный двор» веб-сериалы, қазір Пусандағы халықаралық кинофестивальда бақ сынауда! Жүлдеден – 5 картина үмітті. Қазақстандық лента «Үздік азиялық сериал» номинациясына таласуда.
Ақжол Пірімбет, актер:
– «Черный двор» сериалы қазір Пусанда. Netflix-тің екі проектімен жарысып жатыр. Бұйыртса 8ші октябрь күні жауабы шығады.
Ақжол тек қана актер емес. Қала берді әнші. Қазіргі таңда «Жетінші шақырым» тобында өнер көрсетіп жүр.
Ақжол Пірімбет, актер:
– Құдай қаласа, келесі ай Балуан Шолақта выступать етеміз әнімізбен. Өзім жеке «Соңғы шылым» деген әніммен, сосын топпен «Жетінші шақырым» деген... «Көздерің сенің уау» деген. Алматы туралы ән шығарып жатырмыз тобымызбен. Бұйыртса октябрь-ноябрь айларында шығады.
Пірімбет-тегі ән айта бастағалы, өз тарапына хейттың көбейгенін айтады. Бірақ ол негативты негізсіз деп есептейді.
Ақжол Пірімбет, актер:
– Алдында жаман хейт кетіпті айтпақшы Садраддиннің концертінде. Комментарийге біреу қалдырып кетіпті. Ақжол сен мамандығыңды қате таңдаған екенсің дейді.