Таяуда ғана ақ келін атанған Индира Еділбаева сахнадан түбегейлі кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

Қыркүйектің басында үлкен екі той жасаған Индира Еділбаева мен Камалдин Камирдинов қазір аса бақытты екендерін айтады. Ғашықтар «Ирина Кайратовна»-ның Мәскеудегі концертінде кездейсоқ танысып, 2 жылға жуық көңіл жарастырды. 2023 жылдың сәуірінде Камалдин Индиге жүрегі мен жүзігін ұсынды. Еске салсақ, маңызды сәт Балидің Нуса-Пенида аралында өткен-ді.

Индира Еділбаева, әнші:

- Сені «НТК» ұжымы болып үйлену тойыңмен құттықтаймыз, тұрмысқа шығуыңмен, әсерің қалай өзіңнің, келін атандың ?

- Ну прям көп өзгеріс жоқ. Себебі біз ата аналармен тұрмаймыз. Өзіміз отдельно живем. Там тамақ пісіріп жүру или там стирать вещи там погладить мне прям нравится. Потому что ну во-первых это из любви, а во-вторых просто вот хотелось вот вот это женской энергией, и я от этого кайфую.

- Яғни Инди үйде орамал салып, сәлем салмайды ғой ?

- Иә ондай жоқ біздің үйде.

Индидің сүйіктісі – Камалдин Камирдинов. Медиа менеджер. Бүгінде ол M’Dee продюсерлік ететін «Закрытый клуб» лейблының музыкалық директоры.

Камалдин Камирдинов, «Закрытый клуб» лейблының музыкалық директоры:

- Қазір ұйқыдан тұра сала, отбасымның қамын ойлайтын болдым. Бойдақ кезімде жауапкершілік деген нәрсе миыма да кіріп шықпайтын. Кезінде жұмыстан кейін қай досыма звондап, қыдырсам деп ойлаушы едім, қазір үйге құстай ұшамын.

Жас жұбайлардың сөз байласу рәсімі Chat GPT жасанды интеллектіне сеніп тапсырылған. Ғашықтар заманауи құрылғының арқасында бір-біріне деген сүйіспеншілігін жеткізді.

Индира Еділбаева, әнші:

- Тойларың өте жоғары деңгейде өтті. Өзіңе ұнады ма ?

- 4 ай бойы дайындалдым иә, өзім бәрін құрастырып нуу оформлениесін, организаторлармен. Ну я прям не, я даже вспоминаю свою свадьбу и мне прям приятно становится. Я такая молодец күшті істегенсің, молодец.

Камалдин Камирдинов, «Закрытый клуб» лейблының музыкалық директоры:

- Көп рақмет сізге, тойдың ұйымдастырушылары барлығын 100 пайыз жасады. Біз көп атсалыспадық. Біз басында кішіргірім қарапайым өтетін шығар деп ойлаған едік, бірақ нәтижесі күткенімізден асып түсті.

Камалдин Камирдинов, «Закрытый клуб» лейблының музыкалық директоры:

- Жұбайыңыздың продюсері болу ойда жоқ па?

- Қарсы емеспін, Индидің музыкасы маған ұнайды. Өкініштісі сол, ол мен үшін ән салмайды. Сондықтан түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, Индиді қонаққа шақырып жүрмін. Дауысы жүрегімді жылытады.

Индира Еділбаева, әнші:

- Мүмкін, бірақ енді әзірше өзім. Ол оның өзінің әртістһтері бар, ал мен білмеймін енді. Екеуміз болашақта мүмкін жұмыс жасайтын шығармыз.