Алексей Егоров, «Саха» киностудиясының жетекшісі:
- Якут киносын, қазақ халықына таныстырып жатырмыз. Осы 5 күнде, 10 лента көрермен назарына тегін ұсынылады.
«Саха» киностудиясының өкілдері Алматыда фильм түсіруді жоспарлап отыр. «Бізде боевиктер жоқ екен. Қазақстандық ленталардың сапасы өте жақсы. Тіпті «Қазақфильмнің» қалай жабдықталғанын көріп таңғалдық. Бәрі заманауи. Бізде де 2026 жылға қарай жаңа киностудия жұмысқа кіріседі. Коллаб жасасақ деген ой бар»,-дейді продюсер Надежда Дорожкина.
Надежда Дорожкина, «Соллакс» және «Сахафильм» киностудиясының шығарушы продюсері:
- Сіздер расында сапалы кино түсіріп, актерлық құрамды жақсы таңдай аласыздар. Операторлық жұмыс та жоғарғы деңгейде. Мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды да айта кеткен жөн шығар.
Шараға қолдау білдіру мақсатында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті өкілдері де болды. 2024 жылы қазақстандық киногерлер «Мәдениет күндерін» Саха республикасына атап өтуді жоспарлауда. Ал қандай фильмдердің көрсетілетіні әзірге белгісіз, сұрыпталу үстінде екен.
Данияр Алиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары
– Жалпы Саха республикасының қазақ еліндегі яғни Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері бойынша, жалпы екі елдің экономикалық мәдениеті бойынша, экономикалық әл-ауқаты бойынша осы бағытта келіссөздер жүргізілген болатын. «Қазақфильммен» Саха республикасының арасында арнайы меморандумға отырды.
Якутияның «Haulout» қысқаметражды киносы «Оскар-ға», «Нуучча» толықметрі «Белый слон» номинациясына ұсынылған.
Қазақстандық актер – Санұржан Сүлейменов, Саха республикасының киногерлерінен ұсыныс та алған екен. Қазіргі таңда жоба бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Санұржан Сүлейменов, актер:
– «Саха» киносы өзін әлемдік деңгейде өзін өте жақсы көрсетіп жатыр. Соңғы 5 жылдың ішінде үлкен «А» класс, «В» класс фестивальдарда жүлде ие болып жүр. Менің жақын достарым да сол киноларға түсіп жүр. Жиі келіп тұрады біздің фестивальдарға. Якутияның киногерлерімен әңгімелесеміз.